2023 жылғы 26 мамырда Ualikhanov University студенттерінің Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Сейтқалиұлы Ғайсапен кездесуі өтті.

Кездесу университеттің табысты түлектеріне арналған іс-шараларды іске асыру шеңберінде "Ualikhanov University түлектерінің қауымдастығы" ҚҚ бастамасымен өтті. Іс-шараның мақсаты - Ualikhanov University студенттерін қызықты адам, мемлекет қайраткері, табысты менеджер және Көкшетау қаласының бірінші басшысымен таныстыру. Дөңгелек үстел спикері ректордың кеңесшісі Аманбай Сейтқасымов болды.

Осы кездесудің арқасында студенттер Ualikhanov University-дің танымал түлектерінің бірі, қала әкімінен сәтті іс құрудың негізгі принциптері туралы білуге мүмкіндік алды.

Әкім табысқа жету жолы туралы айтып берді. Студенттер өз кезегінде қызықтыратын сұрақтарына жауап алды.

Бауыржан Сейітқалиұлына уақыт бөлгіп келгені үшін алғыс айтамыз!