Мемешов Сансызбай Койшыбайулы

Академиялық даму департаментінің басшысы

Жалпы ақпарат, білімі:

Мемешов Сансызбай Койшыбайулы 1967 жылы 16 шілдеде Көкшетау облысы Келлер ауданының Мәдениет ауылында дүниеге келген.

1984 жылы Көкшетау қаласындағы Кеңес Одағының Батыры академик Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 орта мектепті бітірді.

1985 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институты Көкшетау филиалының агрономия факультетіне оқуға түсті;1986-1988 жылдар аралығында сержант ретінде Кеңес Армиясы қатарында болды; 1991 жылы Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын "Агрономия" мамандығы бойынша бітіріп, "ғалым-агроном" біліктілігін алды.

2006 жылы 03 00 16 - "Экология"мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертацияны қорғады.

100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде ҚР БҒМ ұсынған 1 оқулықтың, 8 монографияның,10 оқу құралының, Scopus базасына кіретін журналдардағы 5 мақаланың авторы. 1 PhD докторантты даярлады, 2 PhD докторанттың ғылыми кеңесшісі.

Мансабы:

1984-1985 жылдар аралығында еңбек жолын Көкшетау аспап жасау зауытының жұмысшысы болып бастаған.

1992 жылдан бастап Көкшетау облысы Айыртау ауданы "Заветы Ильича" совхозында бөлімше агрономы, агроном тұқым өсіруші болып жұмыс істеді.

1994 жылы Көкшетау облыстық еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу станциясының бас агрономы лауазымына тағайындалды.

1996 жылдың 16 қазанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде жұмыс істейді:

1996-2006 жылдар аралығында – "Өсімдік шаруашылығы және топырақтану" кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы;

2006 жылдан - агроинженерлік факультетінің деканы; 2008 жылдан - "Аккредиттеу және халықаралық ынтымақтастық" бөлімінің басшысы; 2009 жылдан - "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және лицензиялау" бөлімінің басшысы; 2012 жылдан - "Өсімдік шаруашылығы және топырақтану" кафедрасының меңгерушісі.

2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап "Академиялық даму департаментінің" басшысы;

2021 жылғы 25 наурыз - 2022 жылғы 13 маусым аралығында - Академиялық мәселелер жөніндегі проректордың м.а.

2022 жылғы 13 маусымнан бастап "Академиялық даму департаментінің" басшысы.

Наградалар, құрметті атақтар:"Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі; "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағы иегерінің төсбелгісі; Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Білім мен ғылымға қосқан үлесі үшін" медалі; Ш. Уәлиханов атындағы КМУ "Айрықша еңбегі үшін" медалі; университеттің білімі және ғылымын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін "Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-нің 50 жылдығы" құрмет белгісі;Білім және ғылым министрінің, Ақмола облысы әкімінің құрмет грамотасымен, Ғылым және жоғары білім министрінің, Ауыл шаруашылығы министрінің, ҚР БҒМ БҒССҚК Төрағасының алғыс хаттарымен және т. б. марапатталған.

Мамандандыру, біліктілікті арттыру курстары:"Environment Protection through development and application of sustainable Agriculture Technologies" - EPASAT, Лаквила қ-сы, Италия, 2012 ж.; "Strategic Management in the Context of Globalization: Doing Business in Asia", Восонг университеті, Оңтүстік Корея, 2016 ж.; "Решение конфликтов в образовательной среде", Прага қ-сы, Чехия Республикасы, 2016 ж; «Education governance and management», Назарбаев Университеті, 2019 ж.; «Особенности корпоративного управления в высших учебных заведениях", NACG Академиялық Кеңесі, 2021; "Білім берудегі Менеджмент. Университет стратегиясын әзірлеу. Университеттің HR саясатын әзірлеу», Ұлттық Ұстаз, онлайн академия, 2021 ж.