Академиялық даму департаменті оқу үдерісінің жоспарлауын, ұйымдастыруын, сапасының мониторингін және бақылауын қамтамасыз етеді. Университеттің оқытушы- профессорлар құрамының оқу және ұйымдастыру-әдістемелік жұмысын үйлестіреді, оқу-әдістемелік, нормативтік-ақпараттық және ұйымдастырушылық-консультациялық үдерістің сапасын қамтамасыз етеді.

Департаменттің құрамында:

Оқу және оқу-әдістемелік жұмысты жоспарлау орталығы;

Тіркеу кеңсесі;

- Центр карьеры и трудоустройства

Қашықтықтан білім беру технологиялары орталығы.

Департамент академического развития:

  1. Университеттің білім беру қызметін дамытудың стратегиялық басымдықтарын айқындайды және білім, ғылым және инновациялардың интеграциясын қамтамасыз етеді.
  2. Университеттің академиялық саясатын әзірлеу және іске асыру бойынша институттар мен мектептердің және құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді.
  3. Университеттің білім беру бағдарламаларының портфолиосын және тұрақты өзектілігін қалыптастырады.
  4. Кадрлық әлеуетті қалыптастыруға және дамытуға қатысады.
  5. Пәндерді оқыту мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің негізгі тәсілдерін әзірлейді.
  6. Білім алушылар контингентін қалыптастыру процесін үйлестіреді және кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырады.
  7. Институттар мен мектептердің кәсіптік практикаларын ұйымдастыру және түлектерді жұмысқа орналастыру жөніндегі қызметін үйлестіреді.
  8. Академиялық қызмет мәселелері бойынша алқалы органдардың, комиссиялардың және институттар мен мектептердің авторлық ұжымдарының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Университеттің республикалық деңгейдегі алқалы органдарда, сондай-ақ жоғары оқу орындарымен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылда ұстанымын білдіреді.
  9. Білім беру процесін ұйымдастыруға және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптарды айқындайды.
  10. Білім беру үдерісін жоспарлауды, ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз етеді.
  11. Оқу үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында білім беру процесіне академиялық және цифрлық инновацияларды енгізуді ұйымдастырады.
  12. Құжат айналымы және деректерді талдау негізінде білім алушылар контингентінің қозғалысын тұрақты есепке алуды және мониторингті жүргізеді.
  13. Республикалық оқу-әдістемелік кеңес деңгейінде оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік мәселелер бойынша консультативтік-кеңес беру қызметін ұйымдастырады.