Біліктілікті арттыру курстары

"Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ Үздіксіз білім беру институтының қызметінің бірі – біліктілікті арттыру курстарын өткізу.

Біліктілікті арттыру - бұл бұрын алған кәсіби білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқытудың бір түрі.

Біліктілікті арттырудың мақсаты нормативтік-құқықтық құжаттама талаптарына сәйкес профессор-оқытушылар құрамының, басшы қызметкерлер мен мамандардың теориялық және практикалық білімдерін жаңарту болып табылады.

- Оқу мерзімі: 2 аптаға дейін (өндірістік қажеттілік болса, біліктілікті арттыру мерзімдері тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін).

- Біліктілікті арттыру курстары қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

- Оқу курсынан сәтті өткен тыңдаушыларға біліктілікті арттыру курсынан өткені туралы сертификат беріледі.

Біліктілікті арттыру курстарына қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) өтініш;

2) келісім шарт;

3) оқу басталғанға дейінгі оқу ақысы толық төленгені туралы түбіртек;

4) жеке куәлік (көшірме)

Ақпарат алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуға болады:

"Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ Үздіксіз білім беру институты

- байланыс телефоны: +7 (7162) 25-14-11

- мекенжай: Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай к., 76, №1 ғимарат (бас ғимарат, 321 кабинет)

1.10-11 сыныптарда география курсына арналған практикалық тапсырмаларды әзірлеу

2. STEM технологияларын қолдана отырып дифференциялдық теңдеулерді оқыту

3. Тарихты оқыту әдістемесіндегі қазіргітенденциялар

4. Кәсіби құзыреттілігін арттыру дене шынықтыру және спорт салалары

6. Пед-терді, тәрб-лерді және бастауыш снып мұғ-ін даярлаудағы цифрлық және мобильді техн-лар

8. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен қосымша білім беру жүйесінің жұмысын ұйымдастыру

10. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы инновациялық технологиялар басты бағыттар мен әдіс-тәсілдер

11. Физикадан күрделі есептерді шешу және физикадағы STEAM технологиясы

12. Бастауыш білім беруде метақұзыреттілікті дамыту негіздері

13. Жасанды интеллект арқылы биология пәнінен мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру

15. Білім берудегі менеджмент

16. Көркем еңбекті оқытудағы STEM тәсілі

17. Химияны оқытудағы STEM тәсілі

18. Неміс тілін оқыту әдістемесінің заманауи тенденциялары

20. Lego Mindstorms Education EV3 негізіндегі робототехника

21. Көшбасшы шеберлігі

22. Жетілдірілген Python бағдарламалау тұжырымдамалары

23. Химияны оқытудағы шеберлік

25. Білім беру ұйымдарындағы кәсіптік бағдар кәсіптік бағдар беру мұғ-нің жұм-дағы иннов-ық тәсілдер

26. Ағылшын сабақтарында STEAM технологиялары

27. Білім берудегі STEM-тәсілін кіріктіру оқытушыларға арналған стратегиялар мен әдістер

ПП без сот.тел. (новая каз.) (1)
04-К Пов. кв. (совр. методы)
05-К Пов. кв. (менеджмент)
06-К Пов. кв. (совр. методы 72 часа)