Ғылыми-зерттеу, оқу және тәрбие қызметіне көмек ретінде пайдаланушыларға ақпараттық және анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетуді жүзеге асыру.

Сектордың негізгі міндеттері:

кітапхана қоры, электрондық ресурстар туралы ақпаратты пайдаланушыларға, оның ішінде жаңа түсімдер туралы ақпаратты жеткізу мақсатында ақпараттық іс-шаралар кешенін өткізу;

Кітапхана пайдаланушыларына анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету университет

  • виртуалды анықтамалық қызметті ұйымдастыру;
  • газет және журнал мақалаларының электрондық картотекасындағы мәліметтер базасын толықтыру;
  • ғылыми және оқу қызметіне көмектесу үшін библиографиялық көрсеткіштерді, әдебиеттер тізімін жасау;
  • "Ш. Уәлиханов атындағы КУ оқытушыларының еңбектері"," Ш. Уәлиханов атындағы КУ БАҚ-да " картотека жасау және жүргізу;
  • сайтында «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ғалымдары» репозиторийін ұйымдастыру және жүргізу (университет ғалымдары туралы биобиблиографиялық ақпаратты электронды қоймаға толтыру және енгізу);
  • анықтамаларды орындау (тақырыптық, фактографиялық, атаулы-библиографиялық, нақтылау)

Ақпараттық сұраныстарға сәйкес кітапхана пайдаланушыларына университеттің интернет ресурстарына, электронды каталогына, электронды ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету.

  • "Шоқан Уәлиханов" деректер базасын жүргізу;
  • кітап қорын цифрландыру;
  • кітапхананың электрондық ресурстарын қалыптастыру;
  • ашық, жазылып алынған электрондық ресурстарға қолжетімділікті ұсыну;
  • ЭДҚ пайдалану бойынша мониторинг және статистика жүргізу.

Ақпараттық-библиографиялық процестер және цифрландыру секторы №2 корпуста, Темірбеков, 30, 112а кабинетте орналасқан. Оқырмандарға виртуалды қызмет көрсету WhatsApp нөмірі арқылы жүзеге асырылады: 87052563865

Ақпараттық-библиографиялық процестер және цифрландыру секторының жетекшісі: Искакова Салтанат Есентаевна

  • SIskakova1@shokan.edu.kz

Электрондық ресурстарды ұйымдастыру және сақтау жөніндегі бағдарламашы: Звольская Валерия Викторовна

  • valeria@shokan.edu.kz

Ғылыми зал

Ш. Уәлиханов атындағы КУ кітапханасының ғылыми залы №2 ғимараттың 111 кабинетінде орналасқан.

Ғылыми залдың негізгі функциялары:

авторефераттармен және диссертациялармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге кеңес беру;

- ғылыми-зерттеу жұмысы үшін ақпаратты таңдау және ұсыну (дәстүрлі қорға және кітапхананың электрондық ресурстарына қол жеткізу: ашық, жазылып алынған сыртқы толық мәтінді электрондық деректер базасы);

- сирек қор коллекциясына ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету;

- сирек кездесетін қорды, авторефераттарды насихаттау және цифрландыру;

- КБЖ және ӘОЖ индекстерін тағайындау;

Ғылыми залдың кітапханашысы: Есеналина Гульдара Ахметжанқызы

  • g.esenalina@shokan.edu.kz

Жұмыс уақыты: 9.00-18.00, түскі ас 13.00-14.00

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі