Медициналық-профилактикалық қызметі

Университет құрылған

күннен 1996 жылдан бастап жұмыс істейді, медициналық қызметпен айналысуға лицензия негізінде жұмыс жасайды.

Абай Құнанбаев көшесі 76 мекен-жайындағы бас ғимаратта терапевт дәрігер кабинеті және емшара кабинеті бар, ал барлық оқу ғимараттары мен жатақханаларда изоляторлармен жабдықталған медициналық пункттер жұмыс істейді.

Медициналық-профилактикалық қызмет штатының құрамы келесідей:

Қызмет басшысы - Ракымбек Ажар Муктаркызы

Терапевт дәрігер - Талгатова Акманат Маратовна

Медбикелер - Сердинская А.К., Бркенова А.К., Бабас К.Б., Мендыбаева К.Н., Байжолова А.Н.

Медициналық-профилактикалық қызмет Университет студенттеріне және Университет жанындағы "Көпсалалы колледж" студенттеріне қызмет көрсетеді.

Бас ғимараттағы медициналық пункттің терапевт дәрігері Талгатова Акманат Маратовна университет студенттері мен қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсетеді және амбулаториялық қабылдау жүргізеді.

Бас ғимараттағы медицианлық пункттің фельдшері Сердинская Амина Қасымқызы университет студенттері мен қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Медициналық пункт 12.08.20 жылғы Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес жабдықталған.

Фельдшер Бркенова Алма Казестаевна Ақан сері, 24 Б мекенжайындағы жатақхананың студенттеріне алғашқы медициналық көмек көрсетеді.

Медбике Бабас Кундызай Болатовна С.Сәдуақасов к-сі, 47 мекенжайындағы жатақхананың студенттері мен қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсетеді.

Медбике Мендыбаева Камила Нурлановна Қуанышев көшесі 170 а және 194-тегі оқу ғимараты мен жатақхананың студенттері мен қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсетеді.

Медбике Байжолова Алтынай Нугумановна Темірбеков көшесі 28 және 30-дағы оқу ғимараты мен жатақхананың студенттері мен қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсетеді.

Студенттердің негізгі бөлігі "Панацея" студенттік емханасына бекітілген, онда студенттерді емдеу және сауықтыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Терапевт, окулист, невропатолог, кардиолог, хирург, гинеколог дәрігерлерінің кабинеттері, сондай-ақ ультрадыбыстық аппарат, электрокардиограф, рентген кабинеті бар.

Студенттердің амбулаториялық қабылдауы және терапевтпен бірге алғашқы көмек көрсетіледі. Оқу кабинеттерінің санитарлық-гигиеналық жағдайына ағымдағы бақылау жүргізіледі.

Балабақшаларға, мектептерге, ауыл шаруашылығы нысандарына, ТКБК, құрылыс нысандарына практикалық сабаққа баратын университеттің барлық курстары студенттерінің санитарлық кітаптарына бақылау жүргізіледі.

Жазғы уақытта "Тұлпар" ССЛ-да өтетін студенттердің практикада болуының барлық кезеңінде медициналық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі. ҰБТ, КТА, ОЖСБ (оқу жетістіктерін сырттай бағалау) және т.б. тестілеу кезінде медициналық қызметкерлер демалыс күндері және еңбек демалысынан шақыртылып, медициналық көмек көрсетеді. Сонымен қатар, университетте өткізілетін барлық спорттық іс-шараларда да медициналық қызмет көрсетіледі.

Студенттерге Флюоро зерттеуді жоспарлау және жүргізу бойынша үлкен, тұрақты жұмыс және бекітілген емханаларда флюорокартотекамен жұмыс жүргізіледі.

Жыл сайын есірткі диспансерінің қызметкерлерімен бірлесіп, студенттер арасында есірткі сынағы өткізіледі. СӨС және ЖИТС орталығының, УООЗ қызметкерлерімен түрлі тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.

Университеттің медициналық қызметкерлері емханалық қызметінің барлық семинарлық, эпид.қадағалау іс-шараларына және Көкшетау қаласының басқа емдеу-профилактикалық мекемелерінің қызметкерлерін әлеуметтік маңызы бар аурулардың және дұрыс тамақтанудың алдын алу бойынша әңгімелер, дәрістер өткізуге тартады.

Уытқұмарлық пен нашақорлықтың, алкоголизм мен темекі шегудің алдын алу бойынша жұмыс жүргізіледі.