Биология (IP)
Білім беру бағдарламасының шифры
6B01533
Оқыту тілі
Қазақ, Орыс
Оқу деңгейі
Бакалавриат
Оқу ұзақтығы
4 жыл
Бейіндік пәндер
Биология
Химия
Білім беру бағдарламасының мақсаттары
Кәсіби қызметінде инновациялық технологияларды, оның ішінде STEM-, CLIL-, IT-технологияларын қолдана алатын, тұжырымдамалық және теориялық білім саласында, ғылыми зерттеулер жүргізуде және ғылымда оларды қолдануда педагогикалық және пәндік құзыреттіліктерге ие білікті биология мұғалімін дайындау
- Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары
- Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары
- Балалардың жас ерекшелік және физиологиялық даму ерекшеліктері
- Инклюзивті білім беру ортасы
- Оқытуды жоспарлау және дербес оқыту
- Оқытудың әдісі мен технологиялары
- Бағалау және дамыту
- Педагогикалық зерттеулер
- Зерттеулер, даму және инновациялар
- Мұғалім кәсібіне кіріспе (педагогикалық практика)
- Психологиялық және педагогикалық бағалау (педагогикалық практика)
- Педагогикалық тәсілдер (педагогикалық практика)
- Білім берудегі зерттеулер мен инновациялар (педагогикалық практика)
- Өсімдік ағзасының құрылымы мен қызметі
- Өсімдік ағзаларының әртүрлілігі
- Өсімдіктер физиологиясы
- Адам және жануарлар физиологиясы
- Жануарлардың құрылымы мен қызметі 1
- Жануарлардың құрылымы мен қызметі 2
- Молекулярлық биология
- Биологияны тұжырымдамалық оқыту
- Оқу практикасы және оны мектепте өткізу әдістемесі (Ботаника)
- Оқу практикасы және оны мектепте өткізу әдістемесі (Зоология)
- Өмір қауіпсіздігінің негіздері
- Адам биологиясы
- Адам анатомиясы
- Тірі ағзалардың жеке дамуы
- Цитология, гистология және эмбриология
- Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары
- Генетика және селекция негіздері
- Тірі ағзалардың салыстырмалы анатомиясы және эволюциясы
- Эволюциялық ілім
- Биогеоценология
- Өсімдіктер, жануарлар және адам экологиясы
- Қазақстанның биоресурстары
- Әлемнің флорасы мен фаунасы
- Қоршаған орта химиясы
- Бейорганикалық химияның теориялық негіздері
- Биохимия
- Биоорганикалық химия
- Биофизика және биоинформатика
- Жаратылыстанудың ғылыми негіздері
- Биометрия
- Эксперименттік биология
- Микробиология биотехнология негіздерімен
- Қолданбалы биология топырақтану негіздерімен
- Биологиядағы STEM-білім
- Биологиядағы цифрлық технологиялар
- STEM оқытуды жобалау
- Биологиялық экспериментті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері
- Биологиялық зерттеулерді жүргізу әдістемесі
- Биологиялық білім берудегі зерттеу және жобалау қызметі
- Академиялық жазылым
- Биологиядағы пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту
Оқыту нәтижелері және құзыреттер
- қазақстандық қоғамның әлеуметтік, іскерлік, мәдени-құқықтық және этикалық нормаларына сәйкес әрекет ете отырып, әлеуметтік-саяси, экономикалық және құқықтық білім негіздерін пайдалана отырып, тұлғалық және кәсіби бәсекеге қабілеттілікті көрсете отырып өзінің моральдық және азаматтық ұстанымын дамыту
- тілдік құзыреттіліктерді дамыту үшін аналитикалық және сыни ойлауды пайдалана отырып, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынастың әртүрлі салаларындағы жағдайларды бағалау
- ғылыми-педагогикалық зерттеулер саласында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін, ақпаратты өңдеу мен синтездеудің заманауи әдістерін қолдану
- қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуын, толыққанды әлеуметтік және кәсіби іс-әрекетті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтына бағытталу
- жеке тұлғаға бағытталғанған, құзыреттілікке негізделген, инклюзивті тәсілдер қағидаттарын ескере отырып, білім беру ортасының әртүрлі түрлерінде оқыту, тәрбиелеу, бағалау әдістерін әзірлеу және қолдану
- зертханалық және далалық зерттеулерді жоспарлау, жүргізу, деректерді жинау және өңдеу үшін әдістеме таңдау мен талдауды жүзеге асыру
- сындарлы педагогикалық және әлеуметтік қызмет, өзінің педагогикалық дамуы мен әл-ақуалы үшін кәсіби қарым-қатынастарды құру
- күнделікті кәсіби іс-әрекетке және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға қажетті сабақтас ғылымдар бойынша білімдерін интеграциялау
- табиғаттағы заңдылықтарды, құбылыстар мен процестерді түсіндіру, дүниенің жаратылыстану-ғылыми бейнесі туралы тұтас көзқарасты қалыптастыру үшін жаратылыстану пәндерінің тұжырымдамалық теориялары мен заңдарын пайдалану
- биологияның іргелі негіздерін және оның дамуының қазіргі тенденцияларын, биологиялық жүйелердің әртүрлілігі мен қызметі, олардың көптүрлілігі мен эволюциясы туралы білімдерін пайдалану
- тірі табиғаттың деңгейлік ұйымдасуын, адамның биологиялық табиғаты мен әлеуметтік мәнін талдау, ғылыми дүниетанымын, экологиялық және генетикалық сауаттылығын көрсету
- стандартты емес мәселелердің шешімдерін жасау және ұсыну, академиялық жазылым дағдыларын, академиялық адалдық қағидаларын пайдалана отырып, биологиялық және педагогикалық зерттеулерді жүргізу және модельдеу