География
Білім беру бағдарламасының шифры
7М01501
Оқыту тілі
Қазақ, Орыс
Оқу деңгейі
Магистратура
Оқу ұзақтығы
2 жыл
Білім беру бағдарламасының мақсаттары
Магистранттардың жеке қасиеттерін дамыту, жалпы мәдени және кәсіби құзыреттерін қалыптастыру, ел заңнамасының талаптарына сәйкес жобалық, ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық-басқарушылық, сараптамалық, педагогикалық жұмыс шеңберінде практикалық қызметте оларды іске асыру дағдыларын дамыту.
- Басқару психологиясы
- Ғылым тарихы мен философиясы
- Жоғары мектеп педагогикасы
- Зерттеу мәдениеті және ғылыми этика
- Шет тілі
- Педагогикалық тәжірибе
- Атмосфераны метеорологиялық зерттеу
- Гидрометеорологиялық зерттеулер
- Зерттеу әдіснамасы бойынша практикум
- Орта оқу орындары мен ЖОО-да географияны оқыту технологиясы
- Экологиялық нормалау және су объектілерінің тұрақтылығын бағалау
Оқыту нәтижелері және құзыреттер
Н1. Ғылым философиясы, педагогика және география теориясы тақырыптары бойынша шолу жұмыстарын әзірлеу үшін елдік және шетелдік ғылыми-зерттеу материалдарын қолданады;
Н2. Жоғары білімнің оқу-әдістемелік талаптарын ескере отырып, оқу процесі үшін құжаттаманы, бақылау және дәріс материалдарын әзірлейді;
Н3. Оқу процесін ұйымдастыру кезінде АКТ білімін көрсетеді
Н4.Аймақтық жүйелер мен қоғамның бірлескен эволюциялық дамуын ғылыми зерттеулердегі экологиялық және географиялық мәселелердің шешілуін суреттейді;
Н5.Психологиялық-педагогикалық әдістерді, тәсілдерді, оқыту құралдарын, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ құрылымын әзірлейді және бағалайды
Н6.Физикалық және экономикалық - географиялық құбылыстардың динамикасын талдау үшін аналогты немесе сандық құрастыру арқылы картографиялық материалды әзірлейді;
Н7. Қалыптасқан географиялық шындықты бағалау немесе болжау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде жаңа және инновациялық әдістерді қолданады
Н8.Қазіргі географиялық және педагогикалық парадигмаларды, сондай ақ академиялық адалдықты ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдерін жоспарлайды