Биологиялық белсенді қосылыстар химиясы
Білім беру бағдарламасының шифры
7М05303
Оқыту тілі
Ағылшын
Оқу деңгейі
Магистратура
Оқу ұзақтығы
2 жыл
Білім беру бағдарламасының мақсаттары
Пәндерді оқу шеңберінде көшбасшылық құзыреттерді қалыптастыру үшін оқытудың инновациялық технологияларын енгізу жолымен заманауи химиялық дағдылары мен көшбасшылық қасиеттеріне ие жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған білім беруді іске асыру, биологиялық белсенді қосылыстар химиясы саласында жоғары білімі бар қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін білікті, бәсекеге қабілетті химия магистрлерін ағылшын тілінде даярлауды қамтамасыз ету.
- Ғылым тарихы мен философиясы
- Шетел тілі (Кәсіби)
- Жоғары мектеп педагогикасы
- Басқару психологиясы
- Зерттеу мәдениеті және ғылыми этика
- Биологиялық белсенді қосылыстар химиясы
- Жоғары оқу орындарында химияны оқытудың қазіргі заманғы технологиясы
- Жоғары молекулалық қосылыстардың таңдаулы бөлімдері
- Полиэлектролиттер мен биополимерлер химиясы
- Табиғи қосылыстар химиясы
- Ғылыми ақпаратты іздеу әдістемесі
- Биологиялық белсенді қосылыстардың қатты фазалық синтезінің әдістері
- Биологиялық белсенді қосылыстарды бөліп алу және тазарту әдістері
- Полимерлерді зерттеудің термиялық және спектрлік әдістері
- Полимер ерітінділерінің құрылымы мен қасиеттерін зерттеу әдістері
- Органикалық химияның қазіргі кездегі мәселелері
- Препаратты органикалық химия
- Органикалық қосылыстарды зерттеудегі ЯМР спектроскопия әдістері
- Органикалық қосылыстарды зерттеу әдістері
- Дәрілік заттардың химиясы
- Биоорганикалық химия
Оқыту нәтижелері және құзыреттер
- педагогика және психология саласындағы аргументтерді дамыта алады, білімді қолдана алады және проблемаларды шеше алады; әріптестерімен олардың көзқарасын құрметтей отырып, оң қарым-қатынас жасай алады, топта жұмыс істеу дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерге ие болады, коммуникативтік мәдениетке ие болады;
- орыс және ағылшын тілдерінде ғылыми білімді ескере отырып пайымдаулар жасау үшін өз пікірін білдіре алады және ақпаратты түсіндіре алады;
- практикалық қызмет саласына байланысты жаңа білім мен дағдыларды игеру және пайдалану мақсатында, сондай-ақ өз жұмысының нәтижелерін электрондық түрде ұсыну мақсатында компьютерлік және инновациялық технологияларды меңгерген;
- жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесіне бағдарланады және қазақстандық қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік, ұлттық, діни, кәсіби қауымдастықтар мен топтардың құндылық-семантикалық бағдарларын ескереді;
- мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби маңызы бар ақпаратты іздеу, сыни талдау, өңдеу және жүйелеу әдістерін меңгерген; өз жұмысының нәтижелерін электрондық түрде ұсыну мақсатында компьютерлік және инновациялық технологияларды меңгере алады;
- дербес білім алуға және зерттеудің жаңа әдістерін әзірлеуге, қызметтің ғылыми және ғылыми-өндірістік бейінін және инновациялық ғылыми-білім беру қызметін өзгертуге қабілетті;
- химия ғылымының дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын біледі, жаңа бағыттардың пайда болуының объективті қажеттілігін түсінеді, химияның іргелі химиялық тұжырымдамалары мен әдіснамалық аспектілері жүйесі, ғылыми танымның формалары мен әдістері, химиктердің жалпы білім берудегі рөлі туралы түсінікке ие.
- өзінің кәсіби қызметіне қатысты бөлігінде еңбек және жұмыспен қамту нарығында бағдарланады және әріптестерімен оң қарым-қатынас қалыптастырады.