6В01 «Педагогикалық ғылымдар»
Кәсіптік бағдар беруші-педагог
Қазақ, Орыс
2 апта
12 кредит
Білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған кәсіптік стандарттар № 31, 24.02.2025 ж. (ҰБШ деңгейі 4)
-
Адами ресурстар мен мүмкіндіктерді ескере отырып, еңбек нарығының сұранысына сәйкес оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысының маманын даярлау.
Оқу нәтижелері:
- Заманауи еңбек нарығының талаптарына сәйкес оқушыларға кәсіптік бағдар беру саласындағы білімді көрсету.
- Кәсіпті және оқыту бейінін таңдау үшін маңызды болып табылатын оқушылардың кәсіби мүдделері мен бейімділіктерін, интеллектуалдық және жеке ерекшеліктерін нақтылау мақсатында психологиялық диагностика дағдыларын қолдану (ҚР және Ақмола облысының жаңа кәсіптері мен құзыреттері Атласын ескере отырып).
- Профессиограмманы жасауда деректерді цифрлық өңдеу және визуализациялау нысандары дағдыларын меңгеру.
Кәсіби құзыреттер:
-Қазіргі кезеңдегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негіздерін, Қазақстан Республикасының Жаңа кәсіптер мен құзыреттер Атласы контекстінде оқушының кәсіптік өзін-өзі анықтауын, болашақ кәсіптік қызметті жобалауды білу.
-Жалпы білім беретін мектеп жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалармен кәсіптік бағдар беру жұмысының ерекшеліктерін білу.
-Оқушының кәсіптік бағыттылығын диагностикалау, оқушының кәсіптік өзін-өзі анықтауының жеке карталарын жасау, оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысында психодиагностикалық әдістемелерді қолдану дағдыларын меңгеру.