2016 жылғы 29 қыркүйекте Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде "Оқу бағдарламаларын жаңғырту және әзірлеу (АСАДЕМИКА) арқылы Орталық Азиядағы жоғары білімнің қолжетімділігі мен үйлестірілуі" халықаралық білім беру еуропалық жобасына мониторинг жүргізілді. Мониторингке Еуропа мен Қазақстанның серіктестері қатысты: Валенсия Политехникалық университеті (Испания), Гуглиелмо Маркони атындағы Университет (Италия), А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, "Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті" АҚ, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Қазақстандық инженерлік білім беру қауымдастығы, "Kazakhstan Innovations" ҚҚ, сондай-ақ Эрасмус+ Ұлттық офис сарапшысы. Сонымен қатар, мониторингке онлайн режимде жобаның бас үйлестірушісі, Бургас Еркін университетінің (Болгария) өкілі Мария Манова-Желева қатысты.


Мониторингке қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеген Ш.Уәлиханов атындағы КМУ ректоры, профессор А.А.Әбжаппаров АСАДЕМИКА жобасы біздің республика үшін маңызды, деп атап өтті. Мониторинг жүргізудің қазіргі уақыттағы мақсаты - АСАДЕМИКА жобасын іске асыру кезеңдерін бағалау, сондай-ақ АСАДЕМИКА жобасының логикалық-құрылымдық матрицасына сәйкес нәтижелер мен жетістіктер туралы ақпарат алу, жоба жүзеге асырылатын нақты жағдаймен танысу. Эразмус + бағдарламасындағы Еуропалық Одақтың рөлі туралы университеттің серіктесі Гуглиелмо Маркони (Италия) Мишель Трамонти баяндама жасады, ол өз презентациясында жобадағы университеттер арасындағы ынтымақтастықтың негізгі сипаттамаларын анықтады.


Жобаның өзектілігі бойынша жобаның елдік үйлестірушісі А.А. Какабаев сөз сөйледі. Ол өзінің тұсаукесерінде жобаның миссиясы мен мақсаттарымен, сондай-ақ жобаның өзектілігі мен дизайнымен таныстырды. Жобаның тиімділігі туралы Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің жобаның оқу үйлестірушісі А.А.Шаяхметова баяндама жасады. Ол сауалнама нәтижелері, инженерлік және техникалық бейіндегі мамандарды даярлаудың жай-күйі мен перспективалары туралы институционалдық есептердің болуы туралы тұсау кесер өткізді. КУАМ оқу үйлестірушісі И.В. Субботина жобаның тиімділігі туралы презентация жасады. Ол өз сөзінде қазіргі уақытта іске асырылған барлық жұмыс пакеттері бойынша жобаның нәтижелерімен таныстырды. Жобаның ықтимал әсері туралы тұсаукесермен ХАТУ-нің жергілікті жоба үйлестірушісі Г. Д. Закирова таныстырды. Жобаның жұмыс тобының мүшесі Мурадилова Г.С. тарату стратегиялары туралы және жобаны барлық серіктестер арасында тарату бойынша жүргізілген жұмыс туралы тұсау кесермен сөз сөйледі. Жобаның орнықты даму әлеуеті туралы презентациямен ҚМПИ-дегі жобаның жергілікті үйлестірушісі М.В. Сухов таныстырды, ол жоба әлеуетінің көрсеткіші мемлекеттік, өңірлік және университеттік барлық деңгейлерде жетістіктер көрсеткетін атап өтті. Мониторинг барысында жобаны іске асыру барысын өзін-өзі бағалау, нәтижелерді тарату, әзірленген материалдар туралы қысқаша есеп ұсынылды. Кездесу соңында Эрасмус+ Ұлттық офис сарапшысы ханым Наренова М.Н. жобаны одан әрі іске асыру үшін қажетті мәселелерді қорытындылап, алынған нәтижелерді атап өтті.