Курс «Экологиялық тәуекелдерге кіріспе»
«Экологиялық тәуекелдерге кіріспе» курсы 585761-EPP-1-2017-1-FI-EPPKA2-CBHE-JP Қазақстан мен Ресей университеттерінде қалдықтарды тұрақты басқару бойынша білімді арттыру / EduEnvi жобасы аясында әзірленген. Онлайн курсқа жазылу 2021 жылдың 17 қаңтарынан 14 наурызына дейін магистранттар, 3-4 курс студенттері және осы салада біліктілігін арттыруға ниет білдірген барлық адам үшін ашылады.
Тыңдаушылар экологиялық тәуекелдердің терминологиясы, жіктелуі және бағалау әдістерімен танысады; радиоактивті қалдықтармен ластанған аумақтардың тәуекелдерін нормалау мәселелерін зерттейді; қалдықтар қоймасының объектісі тудыратын экологиялық тәуекел деңгейін бағалап, оларды төмендету үшін кешенді экологиялық шаралар әзірлейді.
Курс туралы қысқаша мәлімет
Қазақстан аумағында қалдықтардың негізгі бөлігі полигондарға апарылып, көміледі. Практикалық түрде барлық полигондардың пайдалану мерзімі аяқталған және оларды рекультивациялау, сондай-ақ жаңа аймақтық инженерлік полигондар салу қажет. Қалдықтармен жұмыс жасауда қандай қауіптер мен тәуекелдер туындайды? Қоршаған ортаға тәуекелді сандық түрде анықтаудың әдістемесі неде? Қандай экологиялық тәуекел деңгейлері қолайлы, ал қайсысы қолайсыз? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауаптарды курс барысында таба аласыз. Курстың басты ерекшелігі – нақты мысалдарға негізделген практикалық тапсырмалар. Сіздер үшін видео-лекциялар, оқу материалдары және практикалық тапсырмалар дайындалды. Сегіз аптадан кейін қалдықтар қоймалары аумағында пайда болатын тәуекелдерді бағалай алатын боласыздар.
Контактілер
Курманбаева Айгуль Сапарбековна
Email: koksueduenvi@mail.ru, koksuprojects@kgu.kz
Тел: 87162250579
Курс авторлары
к.б.н., Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің тау-кен ісі, құрылыс және экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қакабаев А.А., к.б.н., Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің тау-кен ісі, құрылыс және экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Құрманбаева А.С., Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің экологиялық мониторинг зертханасының меңгерушісі, Н.В. Динкелакер (Санкт-Петербург, Ресей), Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің экология мамандығы бойынша 2 жылдық докторанттар: Шарипова Б.У., Байкенова Г.Е.
Курс мақсаты
Қалдықтар қоймалары аумағында ауа, су және топырақ экологиялық тәуекелдерін бағалаудың әртүрлі әдістерін қолдану.