15 мамырда Алматы қаласында «ЭРАЗМУС +» ұлттық кеңсесі кластерлік кездесу өткізді.
15 мамырда Алматы қаласында «ЭРАЗМУС +» ұлттық кеңсесі кластерлік кездесу өткізді. Тасболатова Шайзада Өмірзаққызы ЕО-ның "ЭРАЗМУС+" бағдарламасы бойынша жобалар нәтижелерінің маңыздылығын атап өтіп, біздің назарымызды жүзеге асырылып жатқан жобалардың тұрақтылығы мен құндылығына аударып, олар Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру стратегияларының кәсіби тұғырнамасына айналуға тиіс, деп айтты.
ЭРАЗМУС + ұлттық кеңсесі бастамашылық ететін осындай іс-шаралардың арқасында серіктестер арасында сындарлы кәсіби диалог, халықаралық жобаларды іске асыру бойынша тәжірибе алмасу және Қазақстанда жоғары білім беруді реформалау жөніндегі сарапшылардан - С.М.Омирбаев, Б.М.Нарбекова, Д.Ж. Ахмед-Заки шебер сыныбы өткізілді.
Жобаның тұрақтылығы мен құндылығы жоба серіктес жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың шекарасын тек ел ішінде ғана емес, сонымен қатар шетелде де кеңейтетіндігінде. Мәселен, "ҚҰТЕЛ" жобасы жаңа технологиялар мен ақпараттық-коммуникациялық ресурстарды пайдалана отырып, Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім беру сапасына бағытталған. Осыған байланысты, 2019 жылғы 13 маусымда "Уәлиханов университетінің" өкілдері С.С. Қайырденов пен М. Баядилов еуропалық серіктестермен - университет өкілдері Гүлельмо Марконимен кездесті.
Жұмыс сапары бағдарламасында ынтымақтастық міндеттері айқындалды:
KUTEL жобасының үйлестірушісі және жоба мүшелері Моника Фашиони ханыммен, Сара Челка ханыммен, Федерика Фунги ханыммен және Маттео Мартини мырзамен кездесу.
Гульельмо Маркони университетінің КМУ-де жоғары білім сапасын қамтамасыз ету критерийлерін әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарының мазмұнын талқылау.
Университеттің халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық басқару жөніндегі проректорымен кездесу.
Заң мектебіне және бизнес мектебіне бару
Зерттеу және дамыту департаментінің директоры Артур Лавалле мырзамен кездесу.