Эразмус+ бағдарламасы LMPI жобасының мониторингі ЕҰУ өтті
2018 жылғы 23 қарашада Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да ERASMUS+ N°573901-EPP-1-2016-1-It-EPPKAZ-CBHE-JP "Молдова, Қазақстан, Вьетнам кәсіпорындарында компьютерлік жүйелер мен желілерді дамыту, әкімшілендіру, басқару және қорғау бойынша бакалавриат және кәсіби магистратура бағдарламасы" - LMPI жобасы мониторингтен өтті.
Жобаның мониторингін Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының үйлестірушісі Ш.У.Тасболатова жүргізді.
Мониторинг келесі мақсаттарды көздеді:
- Жобадағы жағдайды тексеру;
- Барлық серіктестердің жобалық қызметке толық қатысқанын тексеру;
- Көмек пен кеңес беру;
- Жобаны тиімсіз іске асыруға байланысты ықтимал айыппұлдардың алдын алу.
LMPI жобасының мониторингіне қазақстандық консорциумның серіктес жоғары оқу орындарының командалары және жобаның академиялық емес серіктестері қатысты:
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
- Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетаумемлекеттік университеті;
- Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті;
- Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті;
- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
Сонымен қатар, UNINETTUNO Uninettuno халықаралық телематика университетінің профессоры (Рим қ., Италия) Феделе Франческо және UNIBIT Кітапханатану және ақпараттық технологиялар университетінің профессоры (София қ., Болгария) В. Д. Йоцов қатысты.