2017 жылдың қараша айында Middlesex London, Ұлыбритания университетінде Еуропалық одақтың 574099-EPP-1-2016-1-ITEPPKA2-CBHE-SP Эразмус+ PAWER "Аймақаралық ұтқырлыққа және қол жетімділіктің сәйкестігін, сапасы мен теңдігін қамтамасыз етуге жол ашу" жобасы аясында оқыту семинар-тренингі өтті. Жобаның үйлестірушісі-Италияның Л аквила университеті. Семинар тренингке серіктес жоғары оқу орындарынан 34 қатысушы қатысты. Біздің университеттен ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Т. Н. Жаркинбеков және халықаралық ынтымақтастық, интернационалдандыру және академиялық ұтқырлық орталығының басшысы А. А. Какабаев қатысты.


"Кредиттерді бөлу және жіктеу жүйелерін тану және беру" семинарында мынадай мәселелер қаралды: ЕО елдерінің (Ұлыбритания, Польша, Венгрия, Италия), Орталық Азияның (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан), Кавказдың (Әзірбайжан, Грузия), Моңғолия мен Ресейдің оқыту жүйесі; Болон процесінің циклі, кредиттерді қайта есептеу ECTS, жоғары оқу орындарының академиялық ұтқырлық саясаты.


Семинар-тренинг интерактивті түрде өтті. Әр университет өзінің портфолиосын құрды, ол семинар бойы қолдау тапты. Әр презентация нақты талаптарға негізделген, яғни жалпы аспектілер анықталып, университеттер арасындағы айырмашылықтар анықталды. Тренинг барысында алған білімдерін таратуға қатысушыларды дайындауға ерекше көңіл бөлінді. Dr. Georgios Dafoulas, ғылым мектебінің ұйымдастыру комитетінің мүшесі қатысушыларды Middlesex London университетінің қызметімен таныстырды, кампус бойынша экскурсия өткізді. Семинар-тренинг Лондон қаласының Middlesex округінің Мэрия ғимаратында өтті.


Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.