09.10-15.10.2023 ж аралығында Erasmus+ "Қалдықтарды басқару" магистрлік бағдарламасын әзірлеу және іске асыру арқылы...
09.10-15.10.2023 ж аралығында Erasmus+ "Қалдықтарды басқару" магистрлік бағдарламасын әзірлеу және іске асыру арқылы серіктес елдерде айналмалы экономиканы дамыту/ UnWaste жобасы аясында Висмар қолданбалы ғылымдар: технология, бизнес және дизайн университеті (Hochschule Wismar, University of Applied Sciences: Technology, Business and Design, Gemany) қабырғасында үшінші семинар блогы ұйымдастырылды.
Сапардың мақсаты-қалдықтарды басқару саласындағы ЕО серіктестерінен білім трансферті және циклдiк экономика процестерін ұйымдастыру мен басқарудың негізгі қағидаттары бойынша семинар-тренингке қатысу.Висмар университеті жобаның грантхолдеры болып табылады сондай-ақ бүкіл консорциумның жұмысын үйлестіреді. Семинар барысында Висмар университетінің оқытушылары "Қалдықтарды басқару ", "Кәсіпкерлік және орнықты даму үшін инновациялық экожүйелер құру", "Кәсіпкерлікке және орнықты дамуға оқытудың жаңа әдістері" сияқты бағыттар бойынша дәрістер оқыды.
Семинарға Ualikhanov University ректоры Сырлыбаев Марат Қадірұлы, Интернационалдандыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректоры Сағындықова Жайлагүл Оралқызы және халықаралық жобаларды басқару жөніндегі ректордың кеңесшісі Какабаев Әнуарбек Аязбайұлы , сондай-ақ жобаның жұмыс тобының мүшелері және "Қалдықтарды басқару" білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын магистранттар қатысты. Сапар барысында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті және Висмар қолданбалы ғылымдар: технология, бизнес және дизайн университеті арасында ынтымақтастық туралы шартқа 5 жыл мерзімге қол қойылды.