Erasmus+ ""Қалдықтарды басқару" / UnWaste магистрлік бағдарламасын әзірлеу және іске асыру арқылы...
Erasmus+ ""Қалдықтарды басқару" / UnWaste магистрлік бағдарламасын әзірлеу және іске асыру арқылы серіктес елдерде айналмалы экономиканы дамыту" жобасы аясында 2023 жылдың 2-6 қазан аралығында Экономика және мәдениет Жоғары мектебінің (Рига, Латвия) базасында семинар ұйымдастырылды.Қатысушыларға университет бойынша экскурсия өткізіліп, Университет саясатымен және оның ішңі өмірімен таныстырылды.Семинар барысында экономика және мәдениет Жоғары Мектебінің оқытушылары "Қалдықтарды басқару" бағыты бойынша дәріс оқыды.Сондай-ақ, URDA полигонына саяхат және "Daibe"аймақтық қалдықтарды басқару орталығына саяхат ұйымдастырылды.Сапар барысында жобаның серіктестерімен жобаны табысты жүзеге асыру үшін алдағы әрекеттер туралы пікірталас болды. Семинарға қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.