Erasmus

«4 жоғары қонақ үй мектебін құру» (ESHA) жобасы

Келісімшарт нөмірі: № 144790 – TEMPUS – 2008 – RU – JPCR

Жоба коды: ETF-JP-00276-2008

Жоба үйлестірушісі: GIP FIPAG Academy de Grenoble

Өтініш беруші: Катанов атындағы Хакас мемлекеттік сервис және дизайн институты.

Мақсат:

ҚР және халықаралық үлгідегі дипломдарын бере отырып, қонақ үй бизнесі және мейрамхана ісі саласында бәсекеге қабілетті мамандарды (бакалаврлар, магистрлер, ғылым докторлары) даярлау және мектеп құру.

4 өңірде жоғары қонақ үй мектептері құрылады: Екатеринбург (РФ), Абакан (РФ), Кишинев (Молдова) және Көкшетау (Бурабай, Қазақстан).

Міндеттер:

  • Нарық қажеттіліктерін зерттеу.
  • Кәсіби қызметтің анықтамалықтарын жасау.
  • Қонақ үй бизнесі мектептерін құрудың халықаралық тәжірибесін зерттеу.
  • Стандарттарды, оқу жұмыс жоспарларын, пәндердің ОӘК жасау және жаңарту
  • Жоғары қонақ үй мектебіне студенттерді қабылдау және оқыту.
  • Екі диплом (еуропалық және қазақстандық үлгідегі) беру.
  • Қазақстан аумағында тәжірибені тарату.

Нәтижелер

Щучье-Бурабай курорттық аймағында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің базасында қонақ үй және мейрамхана бизнесінің жоғары мектебін ашу.

Грант холдер: GIP FIPAG Academy de Grenoble (Гренобль, Франция).
Грантқа өтінім беруші: Катанов атындағы Хакасия мемлекеттік университетінің Қызмет көрсету және дизайн институты (Абакан, Ресей).
Жоба серіктерстері: Франция, Испания, Португалия, Греция, Ресей, Молдова және Қазақстаннан 50 ұйым.