"Тиолайн" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Қазақстан) "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамымен (Қазақстан) және Томск мемлекеттік ұлттық зерттеу университетімен (Ресей) бірлесіп, геология, өндіру, сирек кездесетін, жерде сирек кездесетін, асыл металдарды бөлу және олардың негізінде заманауи материалдар жасау саласындағы үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына конкурс жариялайды.

Барлық елдердің өнеркәсіптік, ғылыми және ғылыми-білім беру ұйымдарының мамандарын ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына қатысуға шақырамыз.

Конкурстың мақсаты - үздік ғылыми-зерттеу жұмысын айқындау және геология, өндіру, сирек кездесетін, жерде сирек кездесетін және асыл металдарды бөлу саласындағы конкурстың жеңімпазын анықтау.

Байқау жеңімпаздары "Геологияның іргелі мәселелері, сирек кездесетін, жерде сирек кездесетін, асыл металдарды өндіру, бөлу және олардың негізінде заманауи материалдар жасау" VI Халықаралық симпозиумында Е.П. Славский атындағы алтын медальмен, С.Т. Такежанов атындағы күміс медальмен және "Тиолайн" ЖШС жариялаған ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: жұмыс 3 тілдің бірінде (қазақ, орыс, ағылшын) электронды түрде ұсынылуы тиіс; 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жұмыс авторы /авторлары қол қойған ғылыми-зерттеу жұмысының қысқаша сипаттамасын (1 беттен аспайтын) қамтитын аннотациясы болуы тиіс. Конкурстың егжей-тегжейлі мәліметтерімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: (конкурстың ережесіне сілтеме).

Для участия в конкурсе необходимо выслать анкету на электронную почту ree.symposium@ gmail.com . Прием анкет и научно-исследовательских работ проводится до 1 декабря 2023 года (включительно). Результаты проведенного конкурса будут объявлены до 1 февраля 2024 года.

КОНТАКТЫ

Томск мемлекеттік

университеті

634050, Ресей Федерациясы, Томск қ., Ленин даңғ., 36.

_ree.symposium@gmail.com

ұялы тел._ +79234203876

Дайбова Елена Борисовна

Көкшетау университеті Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай к., 76 үй.

_ree.symposium@gmail.com

моб.тел.: +77012444684

Кауметова Динара Суюндиковна