2024 жылдың 9 мамырында Гибридті зертхананың (симуляциялық орталықтың) жетекшісі, PhD Paulius Dobožinskas және халықаралық қатынастар және бағдарламалар деканы, профессор - Ingrida Janulevičiene, және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканы Аrvydas Gelžinis-пен кездестік. Кездесу барысында кардиология бойынша резидентура аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Литва медициналық университеті резидентураның 46 бағыты бойынша білім береді және 2200 орындық клиникалары бар. Болашақта магистранттар мен резиденттерді тағылымдамаға жіберу, кардиология бойынша белгілі профессорларды тарту бойынша ынтымақтастықты жалғастыратын боламыз.
10 мамырда Mykolas Romeris University университетінің ректоры, доктор Inga Žalėnienė-мен кездесу өтті. Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау Университеті MRU-мен 2021 жылдан бері жұмыс істейді және академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы 10-нан астам студент жіберді. Қазіргі уақытта біз студенттерді "аударма ісі" қос дипломды бағдарламасы бойынша жіберу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Педагогикалық бағыт бойынша бірлескен бағдарламалар мен мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді дамыту бағыттары бойынша ғылыми бірлескен жобаларды дамыту біздің жоспарларымыз болып табылады .