Ualikhanov University-де тарихшы-медиевист, доцент, Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институты директорының міндетін атқарушы Жақсылық Сәбитовтың қонақ дәрісі өтті. Лекция тақырыбы – «Қазақтардың генетикалық тарихы»Жақсылық Сәбитов генетикалық деректер призмасы арқылы қазақ халқының тарихи дамуындағы маңызды тұстарды аша отырып, генетика саласындағы зерттеулерінің нәтижелерін тыңдаушылармен бөлісті.
Оның баяндамасы белсенді пікірталас тудырды және одан әрі зерттеудің жаңа бағыттарын белгіледі.
Университет Жақсылық Сәбитовке қызықты және мазмұнды дәрісі үшін, сондай-ақ университет студенттері мен оқытушыларының ғылыми диалогты дамытуға және білімдерін байытуға қосқан маңызды үлесі үшін алғысын білдіреді.