2024 жылдың 6-13 сәуір аралығында ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Тлеубердина Гүлден Тоқатқызының жетекшілігімен іске асырылып жатқан АP 19574645 «Қазіргі қазақ айтысының типологиясы мен поэтикасы» тақырыбындағы ғылыми жобаның жоспары бойынша қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары PhD., қауымдастырылған профессор Бөкен Гүлназ Сайлаубайқызы мен п.ғ.м., лектор ассистенті Таслима Берікболқызы Атырау қаласына іссапармен барды. Іссапардың басты мақсаты – жоба тақырыбын тереңдете зерттеу үшін республикалық кітапхана қорларынан материал базасын қалыптастыру, толықтырып жинақтау болатын.
Іссапар барысында Атырау қаласындағы Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында, Қалалық орталық кітапханасында, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғылыми кітапханасында, «РТРК «Қазақстан акционерлік қоғамының Атырау облыстық филиалы телеарнасының қорында (архив) ғылыми жоба тақырыбына сәйкес жұмыстар жасалды. Қазіргі айтыстың зерттелуі, айтыс поэтикасы тақырыптарына жазылған ғылыми мақала, мерзімдік басылымдарда жарық көрген мақалалар, ғылыми докторлық диссертациялар мен автореферат, айтыс жинақтары мен антологиялармен жұмыс жасалды.