2024 жылғы 10 мамырдан 24 мамырға дейін Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіне ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен «Шақырылған шетелдік ғалым» бағдарламасы аясында Чехиядағы Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының генетикалық ресурстар бөлімінің басшысы, ғалым Томаш Вымыслицкиді келді
Доктор Вымыслицкидің зерттеу тақырыбы – көпжылдық мал азықтық дақылдардың тұқымдарының өнгіштігін арттыру. Бұл зерттеу Солтүстік Қазақстандағы мал шаруашылығы үшін тұрақты жемшөп базасын құрудағы маңызды қадам болады. Сонымен қатар, Томаш Вымыслицки шөп қоспаларындағы инновациялар, тұқымдарды жинау және сақтау, сондай-ақ құрғақшылыққа төзімді топырақ кондиционерлері тақырыптарына ғылыми семинарларды өткізеді.