2024 жылғы 20-28 мамыр аралығында № AP14972630 «Қазақстанның жаңа кәсіптер мен құзыреттіліктер Атласы контексінде ерте бейіндеу кезінде мектеп оқушыларына көптілді білім берудің рөлі» ғылыми жобасы шеңберінде PhD докторы, қауымдастырылған профессор С.К.Молдабекова және педагогика ғылымдарының магистрі, педагогика және психология кафедрасы лекторының ассистенті Н.М.Нүркен Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетіне ректор А.И.Жук бастаған, Бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлау институты И.В.Шеститко атынан, Минск қаласы Беларусь Республикасы, Беларусь-Қазақстан мәдени-бiлiм беру орталығы М.Ч.Гардукевич атынан шақырылды.Беларусь Республикасы Минск қ. БМПУ және ҚДБАИ сапарының мақсаты - БМПУ-дің үздіксіз мамандандырылған даярлау жүйесі ретінде ерте бейіндеуді ұйымдастыру туралы тәжірибесін зерделеу, оқу орындарының тәжірибесімен алмасу, білім берудің академиялық және қолданбалы аспектілері саласындағы одан әрі ынтымақтастық.
2024 жылғы 24-25 мамырда «Отбасы құндылық ретінде» VIII Халықаралық психологиялық шеберлік фестивалі бағдарламасына қатысып, оқудан өттік. Сапар барысында Беларусь елінің ең ірі ақпараттық және әлеуметтік-мәдени орталығы болып табылатын – Беларусь Ұлттық кітапханасында болдық. Кітапхана ұлттық және әлемдік ақпараттық ресурстарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді сонымен қатар, республикадағы ұлттық және шетелдік құжаттардың ең толық қоры бар.
Сапар шеңберінде 2024 жылғы 20-24 мамыр аралығында 1-23 01 04 2 курс студенттері үшін БМПУ «Психология» кафедрасының және Психология Институтының ұйымдастыру психологиясының «Жалпы психология» (10 оқу сағаты көлемінде) және «Тұлға психологиясы» (10 оқу сағаты көлемінде) пәндері бойынша практикалық сабақтарға қатыстық;
гибридтік форматта «Білім берудегі ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері» ғылыми тағылымдамасынан өтті.
Кездесу барысында білім беру мәселелеріне қатысты өзекті мәселелер, тәжірибе алмасу, педагогикалық білім беру саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулер сұрақтары талқыланды.
БМПУ және ҚДБАИ ұжымы мен ұйымдастырушыларына кәсібилігі, кері байланысы мен қонақжайлылығы үшін алғыс айтамыз. Ынтымақтастық пен жемісті жұмысқа үміттенеміз.