Португалиядағы Азор аралдары университетінің профессоры Томаш Понсе Дентиньо Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университетіне келді.

Ол шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында «Климаттық сын-қатерлер жағдайында Ақмола облысының тұрақты дамуы: жаһандық үрдістер мен өңірлік шешімдер» жобасының ғалымдар тобынан алғашқы болып келуде.

Профессор Дентиньо – тұрақты даму саласындағы зерттеуші. Оның айтуынша, бұл бағыттағы ғалымдар — Жердің дәрігерлері іспеттес.

«Біздің міндетіміз – планетаның сауығуына көмектесу», – дейді ол.Тұрақты даму – университетіміз үшін басым бағыт. Біз әлемнің әр түкпірінен келген ғалымдармен бірлесіп жұмыс істеуге қуаныштымыз.