Ualikhanov University түлектеріне арналған Upgrade орталығында бизнеске арналған ағылшын тілін тегін оқыту жалғасуда.

Осы саладағы терең білім кез-келген бағытта табысты мансаптың кілті бола алады. Біздің курстар бизнес-ағылшын тілін жетілдіруге, лексиканы кеңейтуге және жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттілікті дамытуға бірегей мүмкіндік береді.

"Іскер ағылшын тілі" курсы Ualikhanov University түлектері үшін олардың академиялық тәжірибесін ескере отырып әзірленген және қазіргі заманғы бизнесте қажетті практикалық дағдыларды игеруге бағытталған.

Тәжірибелі оқытушылар біздің тыңдаушыларға ағылшын тілінде іскерлік және кәсіби қарым-қатынастың қыр-сырын меңгеруге көмектеседі.

Құрметті Ualikhanov University түлектері лингвистикалық арсеналыңызды тегін байыту және жаңа мүмкіндіктерге есік ашатын дағдыларды игеру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Ualikhanov University түлектерi: курстарға бүгін жазылыңыз және Upgrade орталығымен мансабыңызды жоғары деңгейге көтеріңіз!