Кафедра тарихы
1979 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының негізінде Орталық ауыл шаруашылығы институтының Көкшетау филиалы құрылып, «агрономиялық» және «зоотехникалық» факультеттері ашылды.
1982 жылы «өсімдік шаруашылығы және егіншілік» кафедрасы ашылды. Бірінші басшы болып ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Темрешев Исатай Ғалиұлы болды.
1997 ж. С.Сәдуақасов атындағы Көкшетау ауыл шаруашылығы институтының және Көкшетау педагогикалық институтының қосылуына байланысты «Өсімдік шаруашылығы және егіншілік» кафедралары «Ботаника және өсімдіктер физиологиясы» кафедрасымен біріктірілді. 1997-1998 оқу жылында кафедра меңгерушісі болып аға оқытушы Сыздықова Г.Т. тағайындалды.
90-жылдардың аяғы мен 20-жылдардың басында кафедрада НИИ ғылыми қызметкерлері оқытушылық қызметін бастады, оның ішінде к.с/х н. Сагалбеков У.М., Аленов Ж.Н., к.с/х н. Костиков И.Ф., Хусаинов А.Т., д.с/х н. Есенеев Т.К., к.с/х н. Омарханов С.Ш. Олардың көпшілігі кейін кандидаттық диссертациясын қорғады - – Аленов Ж.Н., Хусаинов А.Т., докторлық диссертацияны – Сагалбеков У.М., Костиков И.Ф., Хусаинов А.Т. Одан кейін кафедра меңгерушілері болды к.с/х н. Аленов Ж.Н., д.с/х н. Костиков И.Ф., д.б.н. Хусаинов А.Т., к.с/х н. Мемешов С.К., к.с/х н. Аужанова М.А., PhD доктор Сураганов М.Н.
2021 жылы «Өсімдік шаруашылығы және топырақтану» және «Механизация және мал шаруашылығы» кафедраларының бірігуіне байланысты «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасы ұйымдастырылды.
2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап кафедраны ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Шегенов С.Т. басқарады.