Кафедра тарихы
Заңгерлік білім Көкшетау қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы университетте 2004 жылы «Құқық және экономика негіздері» кафедрасында ашылды. 2011 жылы реорганизация нәтижесінде «Заңтану» кафедрасы құрылды, 2021 жылы «Құқық» кафедрасына қайта құрылды.
Кафедрада ғылыми-педагогикалық және практикалық қызметте мол тәжірибесі бар қызметкерлер жұмыс істейді. Кафедра құрамында заң ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, тәжірибелі адвокаттар мен жеке сот орындаушылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, заң магистрлері бар. Жақын және алыс шетелдердегі әріптестермен өзара ынтымақтастық қамтамасыз етілген.
Кафедра Акмола облысындағы барлық құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды, олар біздің практикалық базалар болып табылады. Акмола облысының Әділет департаментінде және Көкшетау қалалық сотында филиалдар ашылды.
Кафедрада бакалавриат және магистратура бойынша даярлық жүргізіледі. Біздің түлектер құқық қорғау органдарында, мемлекеттік қызметте және азаматтық салада табысты жұмыс істейді.
Оқу және ғылыми зертханалар:
- Сот-медициналық полигон
- Сот отырыстарының оқу залы
- Мемлекет және құқық теориясының кабинеті
- Қылмыстық құқық және процесс кабинеті
- Азаматтық-құқықтық пәндер кабинеті