Математика (көптілді оқыту)
Білім беру бағдарламасының шифры

6В01506

Оқыту тілі

Қазақ, Орыс, Ағылшын

Оқу деңгейі

Бакалавриат

Оқу ұзақтығы

4 жыл

Бейіндік пәндер

Математика
Физика

Білім беру бағдарламасының мақсаттары

  • экономика мен қоғамның аймақтық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында көптілді білім беру ерекшеліктерін ескере отырып, студенттердің математика саласындағы теориялық және практикалық білімдерін дамыту;
  • 21 ғасыр дағдыларына ие математика мұғалімдерін дайындау: жоғары деңгейдегі белгісіздікке төзімділік, сыни ойлау, креативтілік, эмоционалдық интеллект, әлеуметтік интеллект, коммуникация, дизайндық ойлау, қаржылық сауаттылық, саналылық пен жауапкершілік, позитивті ойлау, кәсіби қоғамдастықтағы ынтымақтастық.
Информация

Маңыздылығы

6В01506 Математика (көптілді білім беру) білім беру бағдарламасы тиімді қарым-қатынас, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі тәрбиелеу дағдылары бар математика мұғалімдерін даярлауға бағытталған. Білім беру бағдарламасы студенттердің бар бейімділігін, қабілеттерін және ішкі қызығушылықтарын ескере отырып, өзінің кәсіби даму траекториясын таңдауды қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламасы ұлттық білім беру бағдарламаларының халықаралық танылуын қамтамасыз етуге, білім беру ұйымдарының студенттері мен педагогикалық ұжымының академиялық ұтқырлығы үшін жағдай жасауға, сондай-ақ білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

  • Академиялық жазу
  • Алгебра және сандар теориясы 3
  • Білім беруді басқару және цифрландыру
  • Геометрия 1
  • Дискретті математика және математикалық логика
  • Инклюзивті білім беру
  • Критериалды бағалау технологиялары
  • Бастауыш математика
  • Математикалық талдау І
  • Математиканы оқыту әдістемесі
  • Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі
  • Мектептегі математика курсы 1
  • Мектеп оқушыларының даму физиологиясы
  • Педагогика
  • Мұғалімдік мамандыққа кіріспе
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
  • Алгебра және сандар теориясы I
  • Алгебра және сандар теориясы II
  • Бастауыш математикадағы таңдалған тараулар 2
  • Геометрия 2
  • Геометрия 3
  • Дифференциалдық теңдеулер
  • Мектеп геометриясы бойынша қосымша сұрақтар
  • Жобалық қызмет және ғылыми-техникалық ақпаратты іздеу әдістері
  • Құрылымдық геометрия
  • Бірнеше айнымалы функциялардың дифференциалдық есебі
  • Бірнеше айнымалы функциялардың интегралдық есебі. Өріс теориясы.
  • Математика есептерін шешуге арналған практикум 2
  • Математика есептерін шешудің әдістемелік негіздері 2
  • Математикадан есептерді шығарудың әдістемелік негіздері І
  • Математиканың тарихы мен әдістемесі
  • Математикалық есептерді шығару практикумы І
  • Математикалық талдау III
  • Математиканы оқытудағы пәнаралық байланыстар
  • Стандартты емес математикалық есептер
  • Математикалық талдау II
  • Мектеп математика курсы 2
  • Сандар теориясы
  • Стандартты емес теңдеулер мен теңсіздіктер
  • Сызықтық алгебра және жиындар теориясының элементтері
  • Ықтималдық теориясы және математикалық статистика
  • Ықтималдықтар теориясының элементтері, комбинаторика және статистика

Оқыту нәтижелері және құзыреттер

  • экономика және құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері, экология және өмір қауіпсіздігі негіздері, сондай-ақ кәсіпкерлік дағдылар, көшбасшылық және инновацияларға бейімділік салаларынан білімдерді жаңғырту; табысты жеке кәсіптік қызметті қалыптастыру үшін инклюзивті білім беру;
  • математика мен ғылыми зерттеулерде үштілді білім беру саясатын іске асыру үшін тілдерді академиялық, кәсіби және мәдениетаралық қарым-қатынас мақсатында қолдану;
  • математика саласындағы теориялық ұғымдармен интеграциялық дидактиканың классикалық принциптерін меңгеру; функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын, соның ішінде инклюзивті білім беру жағдайында көрсету;
  • оқытудың мазмұнын жаңа тәсілдер: оқу мақсаттарының иерархиясы, спиральды оқыту принципі, сонымен қатар пәнаралық тоғысқан тақырыптарды зерделеу арқылы жоспарлау және құрылымдау; оқу жетістіктерін критериалды бағалау технологиясын практикада қолдану (СӨЖ, СОР, ФО);
  • пәндік математикалық дайындық пәндері бойынша қажетті білімді әртүрлі математикалық есептерді шешуде қолдану үшін таңдау;
  • математикалық пәндер бойынша оқу процесін жүзеге асыру үшін дидактикалық материалдарды, электрондық білім беру ресурстарын әзірлеу;
  • кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; академиялық адалдық принциптері мен мәдениеті туралы білімді түсіну;
  • оқушылардың логикалық-аналитикалық ойлау түрін қалыптастыру және дамыту үшін математикадан стандартты және стандартты емес есептерді шешу дағдыларын жаңғырту;
  • өзін-өзі одан әрі дамыту және кәсіби қоғамдастыққа тәжірибе беру үшін өзінің педагогикалық рефлексиясына негізделген психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешу.