Ақпан 1, 2024

Директорлар кеңесінің 01.02.2024 ж. шешімімен (№2 хаттама) «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ корпоративтік хатшысы Гүлнара Баянқызы Турткараеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы болып Гульнара Тагировна Фаткиева тағайындалды.

Қантар 31, 2024

Директорлар кеңесінің 31.01.2024 ж. шешімімен (№1 хаттама) «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ комитеттері бекітілді: Аудит жөніндегі комитет, Стратегия, кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитет.Стратегия, кадрлар және сыйақылар комитетінің құрамы сайланды – Каленова Д.Ж. (төраға), Қалабаев Н.Б., Әбішева А.М., Сырлыбаев М.К.

Қыркүйек 15, 2023

Директорлар кеңесінің 15.09.2023 ж. шешімімен (№10 хаттама) комитеттер құрамына сайланды:Стратегиялық жоспарлау комитеті:

Каленова Д. Ж., Сырлыбаев М. К., Ахметжанова А.А. – Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академияның вице-президенті; Аудит жөніндегі Комитет: Әбішева А. М., Қалабаев Н.Б., Жайжуманова Ә.А.; Кадрлар жөніндегі комитет: Қалабаев Н.Б., Каленова Д.Ж., Әбішева А.М.

Қыркүйек 8, 2023

Директорлар кеңесінің 08.09.2023 ж. шешімімен (№9 хаттама) «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Найман Бөбейұлы Қалабаев сайланды.

Тамыз 31, 2023

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 23 тамыздағы № 452 бұйрығымен «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды:

Қалабаев Найман Бөбейұлы – Қазақ-Американдық Еркін университеті президентінің кеңесшісі, тәуелсіз директор;

Каленова Дана Жамбылқызы – ҚР ҒЖБМ Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры;

Жайжуманова Әсемгүл Абайқызы – ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы;

Сырлыбаев Марат Қадырұлы – «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы-ректоры;

Әбішева Айдана Мақсұтқызы – ERG тобының Қазынашылықты бақылау бөлімі бастығының орынбасары, тәуелсіз директор.

Желтоқсан 5, 2022

Директорлар кеңесі мүшесінің өз бастамасы бойынша «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту.

Қыркүйек 23, 2022

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022.09.23 № 71 бұйрығына сәйкес «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Жарғысына өзгерістер енгізілді.

Қыркүйек 9, 2022

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 15.09.2022 ж. №5-08-3/59-и бұйрығымен Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын беру туралы.

Маусым 9, 2022

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.06.2022 ж. №67 бұйрығымен Академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі болып Медетов Нұрлан Әмірұлы тағайындалды.

Наурыз 28, 2022

ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 112 бұйрығымен "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ Директорлар кеңесінің құрамына: Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы – Point ltd компаниясының жоғары білім беру саласындағы сарапшысы Сәрсембаев Айдос Айдарұлы – Машиналық оқыту саласындағы инженер (Machine Learning), тәуелсіз директор болып сайланды.

Шілде 16, 2021

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы коммерциялық емес акционерлік қоғамның корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы» ҚР БҒМ 1011.04.19 № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Мамыр 26, 2021

Директорлар кеңесінің 26.05.2021 ж. шешімімен (№9 хаттама) "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар және сыйақылар жөніндегі Комитеті мен стратегиялық жоспарлау комитетінің құрамына өзгерістер енгізілді: Жайжұманова Әсемгүл Абайқызы кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитетінің құрамына енгізілді Сырлыбаев Марат Қадырұлы кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитеттің құрамынан шығарылды Стратегиялық жоспарлау комитетінің құрамына енгізілді.

Сәуір 27, 2021

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 27.04.2021 жылғы № 183 бұйрығымен "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді: Директорлар кеңесінің құрамынан: Тойбаев Амангельды Сагынбаевич – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы Директорлар кеңесінің құрамына сайланды: Жайжуманова Асемгуль Абаевна – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы (келісім бойынша).

Сәуір 23, 2021

Директорлар кеңесінің 23.04.2021 ж. шешімімен (№8 хаттама) конкурс нәтижесі бойынша "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ Басқарма мүшелері лауазымына сайланды: Жакупова Айгуль Досжановна – ғылыми жұмыс және өңірмен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарма мүшесі лауазымына Сагындыкова Жайлагуль Ораловна – интернационалдандыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі басқарма мүшесі лауазымына Байтук Галым Симбекович – Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі басқарма мүшесі лауазымына

Сәуір 19, 2021

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 19.04.2021 ж. №172 бұйрығымен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы коммерциялық емес акционерлік қоғамның корпоративтік басқару Кодексі бекітілді

Ақп. 11, 2021

Директорлар кеңесінің 11.02.2021 ж. шешімімен (№4 хаттама) Директорлар кеңесінің құрылымында комитеттер құрылып, олардың құрамы сайланды. Стратегиялық жоспарлау комитеті: Төрағасы – Нарбекова Б.М.; Мүшелері: Жусупов Б.А. Аудит жөніндегі комитет: Төрағасы: Абишева А.М. Мүшелері: Тойкебаева Б.Ж., Алтаев С.Т. Кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитет: Төрағасы: Тойкебаева Б.Ж. Мүшелері: Жусупов Б.А., Сырлыбаев М.К.

Ақп. 1, 2021

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 01.02.2021 жылғы № 11-ЖҚ бұйрығымен басқарма төрағасы – "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ ректоры болып Сырлыбаев Марат Кәдірұлы құжаттарға бірінші қол қою құқығымен тағайындалды

Қаң. 8, 2021

Директорлар кеңесінің 08.01.2021 ж. шешіміне (№3 хаттама) сәйкес "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшысының міндеттері Стратегиялық жоспарлау, аккредиттеу және сапа менеджменті департаментінің басшысы Гүлнар Баянқызы Турткараеваға жүктелген

Қар. 6, 2020

06.11.2020 ж. Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес (№2 хаттама) "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті"КЕАҚ Басқарма Төрағасы - ректоры лауазымына конкурс жарияланды