Үздіксіз білім беру институты — бұл білім беру құрылымы, оның мақсаты адамның бүкіл өмірінде тұрақты, ұзақ мерзімді оқытуды қамтамасыз ету болып табылады.
Институт біліктілікті арттырудың, педагогикалық қайта даярлаудың, сондай-ақ ресми және бейресми білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады.
Үздіксіз білім беру институты келесі бағыттар бойынша бағдарламаларды іске асырады:
- біліктілікті арттыру;
- педагогикалық қайта даярлау;
- Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық
- Күміс университет;
- Бейресми білім беру.
Институт қызметінің мақсаты - біліктілік деңгейін арттыруға ұмтылатын тыңдаушылардың білім беру және кәсіби қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Институттың негізгі міндеттері:
- тиісті салалардағы жаңа тәжірибе мен жетістіктер негізінде білім беру бағдарламаларын ілгерілету;
- біліктілікті арттыру, педагогикалық қайта даярлау, ресми және бейресми білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыруды ұйымдастыру;
- білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру бойынша университет кафедраларына әдістемелік және консультациялық қолдау;
- білім беру процесін ұйымдастырудың жаңа тәжірибесін, тыңдаушыларды оқытудың прогрессивті нысандары мен әдістерін енгізу және тарату.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
"Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КеАҚ, Үздіксіз білім беру институты:
- байланыс телефоны: +7 (7162) 25-14-11
- мекен-жай: Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай к., 76, №1 ғимарат (бас ғимарат, 321-кабинет.
Үздіксіз білім беру институтының басшысы
AShukeeva@shokan.edu.kz
Әдіскер
MSabyrbekova@shokan.edu.kz
Әдіскер
MRakhmetova@shokan.edu.kz
Әдіскер
S.Askarova@shokan.edu.kz
Әдіскер
ldrobysheva@shokan.edu.kz
Әдіскер