Банк технологиялары және қаржылық талдау
Білім беру бағдарламасының шифры

7М04106

Оқыту тілі

Қазақ, Орыс

Оқу деңгейі

Магистратура

Оқу ұзақтығы

1 жыл

Білім беру бағдарламасының мақсаттары

Білім беру бағдарламасының мақсаты: цифрландыру жағдайында жұмыс істей алатын, бәсекелестік артықшылықтарға ие, қаржы қызметтерінің еңбек нарығының қазіргі заманғы сұраныстары мен қажеттіліктеріне жауап беретін банк технологиялары және қаржы аналитикасы саласында кадрларды сапалы даярлау.

Қаржылық кеңес беру

Камералдық бақылау және қаржылық мониторинг

динамикалық қаржылық талдау, инновациялық банктік қызметтер; аймақтың дамуындағы бизнестің қаржылық әлеуетін талдау; несиелік қатынастар субъектісінің әлеуметтік осалдығы тәуекелін сараптаудың заманауи тәсілдері; банк өнімдерін жылжыту; банктік сатуды болжау және талдау.

Оқыту нәтижелері және құзыреттер

Ғылыми зерттеулерде ақпарат жинау және тілдік дағдыларды қолдана отырып, кәсіби ортада талқылау кезінде қорытынды жасай білу;

Экономиканы жаңғырту жағдайында ұйымдастыру мен басқарудың даму заңдылықтары мен үрдістерін жүйелеу;

Қазіргі кезеңдегі проблемаларды бөліп көрсете отырып, ресурстардың қозғалысын талдау және қаржылық нәтижелерді бағалау;

Инновациялық тәсілдер негізінде сұранысқа ие банктік технологияларды зерттеу және дамыту;

Өнімділікті арттыру үшін қаржылық талдаудың маңызды құрамдас және тиімді әдістерінің бірі ретінде қаржылық қолдауды дамыту;

Әлеуметтік-экономикалық жағдайды болжау және банк технологияларын дамытудың әрі қарайғы бағыттарын және қаржы қызметтерін өткізу нарықтарын айқындау;

Үздіксіз маркетингтік зерттеулер негізінде тұтынушылардың сұраныстарын анықтау және ескерту, оларды банк мекемелерінің мүмкіндіктерімен біріктіру;

ЖТҚ тәуекелді бағалауды масштабты және ықтимал салдарларды анықтай отырып жүргізеді, сондай-ақ олардың алдын алу және болдырмау бойынша ұсынымдар әзірлейді.

Басқа білім беру бағдарламалары