Тарих
Білім беру бағдарламасының шифры

6B01603

Оқыту тілі

Қазақ, Орыс

Оқу деңгейі

Бакалавриат

Оқу ұзақтығы

4 жыл

Бейіндік пәндер

Дүниежүзі тарихы
География

Білім беру бағдарламасының мақсаттары

Отандық және дүниежүзі тарихы, оқыту әдістемесі, ғылыми-зерттеу және жобалық іс-әрекеті саласында терең білімі бар, тарихи-мәдени мұра негізінде студенттердің бойында азаматтық позиция мен патриоттық сананы қалыптастыру, тарихи білім беру, аналитикалық ойлауға қабілетті білікті және бәсекеге қабілетті тарих пәні мұғалімдерін дайындау.

Информация

Өзектілігі

ББ іске асыру тарих саласында педагогикалық, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағартушылық, сараптамалық-талдау және ұйымдастыру-басқару қызметін іске асыруды қамтамасыз ететін жоғары білікті кадрларды даярлауға және білім беру, мәдени және ғылыми сала үшін зияткер элитаны қалыптастыруға бағытталған.

  • Қазақстан тарихы
  • Философия
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Мәдениеттану
  • Психология
  • Қазақ/орыс тілі
  • Шетел тілі
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
  • Дене шынықтыру
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
  • Педагогика
  • Инклюзивті білім беру
  • Оқу (таныстыру) практикасы
  • Білім берудегі жасанды интеллект технологиялар
  • Академиялық хат
  • Психологиялық-педагогикалық практика
  • Ежелгі дүние тарихы
  • Орта ғасырлар тарихы
  • Оқу тәжірибесі (архив-музей)
  • Ежелгі Қазақстан тарихы
  • Қазақстанның орта ғасырлар тарихы
  • Түркі халықтарының тарихы
  • Қазақстанның жаңа заман тарихы
  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Тарихнама
  • Теориялық деректану
  • Халықаралық қатынастар тарихы
  • Оқу тәжірибесі (археологиялық)
  • Тарихты оқыту әдістемесі
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
  • Өндірістік педагогикалық практика
  • Педагогикалық тәжірибе

  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
  • Құқық негіздері
  • Шоқантану
  • Қаржылық сауаттылық негіздері
  • Экология және тұрақты даму
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
  • Тіршілік қауіпсіздік негіздері
  • Ғылыми зерттеу негіздері
  • Қосалқы тарихи пәндер
  • Әлем өркениетінің тарихы
  • Музейтану және архивтану
  • Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа өркениеті
  • Тарихи өлкетану
  • Шығыс елдерінің орта ғасырлар тарихы
  • Қазақстанның тарихи антропологиясы
  • Күнделікті өмір тарихы
  • Алаштану
  • Тарихи демография
  • Қазақстандағы тоталитаризм және саяси қуғын-сүргін тарихы
  • Ортағасырлық көшпелі империялар тарихы
  • Шежіретану
  • Тұлғатану
  • Діндер тарихы
  • Этнология
  • Орталық Азия халықтарының этнографиясы
  • Азия мен Африка тарихы: отаршылдықтан қазіргі заманға дейін
  • Жаңа және қазіргі заман Азия және Африка елдерінің өркениеттер тарихы
  • Еуропа мен Американың жаңа және қазіргі заман тарихы
  • Шығыс елдерінің тарихы
  • Археология
  • Алғашқы адамзат қоғамының тарихы
  • Тарих пәні мұғалімінің сыныптан тыс және жобалық қызметін ұйымдастыру
  • Сандық тарих
  • Тарихты зерттеудегі сыни ойлау және дәлелдеу

Оқыту нәтижелері және құзыреттер

  • Қазақстан тарихының негізгі заңдылықтарымен, философиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық, жаратылыстану және құқықтық пәндердің іргелі ережелерімен, сондай-ақ қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша сөйлеуге байланысты білім мен дағдыларды көрсету.
  • Зерттелетін салада ғылыми зерттеулер, жасанды интеллект және академиялық жазу әдістерін қолдану, кәсіби қызметте Академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, дене шынықтырудың практикалық негіздерін білуді көрсету.
  • Педагогикалық процестің заңдылықтары, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты физиологиялық ерекшеліктері және бағалау мен оқытудың заманауи әдістері туралы білімдерін көрсету. Білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, критериалды бағалау технологияларын, оқытудың заманауи әдістерін, құралдарын, нысандарын қолдану.
  • Әлем мен Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін талдау, оқиғалардың себеп-салдарлық байланыстарын анықтау, әртүрлі өңірлер мен дәуірлердегі тарихи процестерді, өркениеттік және мәдени жетістіктерді салыстыру.
  • Тарихи дереккөздерді сыни талдау әдістерін қолдану, архивтік құжаттармен, артефактілермен және цифрлық дерекқорлармен жұмыс істеу, тарихи зерттеулерде әртүрлі тәсілдерді қолдану.
  • Көшпелі және отырықшы өркениеттердің рөлін және олардың дүниежүзі тарихына қосқан үлесін бағалау. Еуразия көшпелі қоғамдарының саяси құрылымы, мәдениеті және отырықшы өркениеттермен өзара әрекеттесуі туралы тұтас түсінік қалыптастыру.
  • Тарихты оқыту және білім беру үдерісін ұйымдастыру дағдыларын дамыту: тарих пәні бойынша оқу сабақтарын жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жоспарлау және өткізу; критериалды бағалауды (ТЖБ, БЖБ) қолдану; интерактивті оқыту әдістерін пайдалану; оқушылар үшін сыныптан тыс жұмыстар мен зерттеу жобаларын ұйымдастыру.
  • Азия мен Африка елдерінің постколониалдық дамуын талдау құзыреттіліктерін қалыптастыру; тоталитарлық режимдердің Қазақстан дамуына әсерін бағалау; мемлекеттіліктің қалыптасуындағы ұлттық қозғалыстардың рөлін талдау; тарихи зерттеулерде статистикалық және демографиялық деректерді пайдалану, қазақ диаспорасының қалыптасуы мен миграциялық үдерістерді талдау; Қазақстанның қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі орнын бағалау; заманауи тарихты зерттеуде пәндераралық тәсілді қолдану.
  • Архивтер мен музейлердің теориялық, әдістемелік мәселелері мен жұмыс принциптерін зерттеу, тарихи материалдарды жүйелеу, мәдени мұраны сақтау және насихаттауға қатысу.
  • Талдау: әр түрлі дәуірлердің мәдени кодтарын, рәсімдерін және әлеуметтік нормаларын; тарихи үдеріске танымал тұлғалардың әсерін; қоғамның күнделікті өмірі мен жаһандық саяси үдерістер арасындағы байланысты. Зерттеу: негізгі дипломатиялық оқиғаларды; Қазақстанның қазіргі халықаралық үдерістердегі рөлін; халықаралық ұйымдарды және әлемдік тәртіптің қалыптасу факторларын.