Математика (көптілді оқыту)
Білім беру бағдарламасының шифры
6В01506
Оқыту тілі
Қазақ, Орыс, Ағылшын
Оқу деңгейі
Бакалавриат
Оқу ұзақтығы
4 жыл
Бейіндік пәндер
Математика
Физика
Білім беру бағдарламасының мақсаттары
- экономика мен қоғамның аймақтық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында көптілді білім беру ерекшеліктерін ескере отырып, студенттердің математика саласындағы теориялық және практикалық білімдерін дамыту;
- 21 ғасыр дағдыларына ие математика мұғалімдерін дайындау: жоғары деңгейдегі белгісіздікке төзімділік, сыни ойлау, креативтілік, эмоционалдық интеллект, әлеуметтік интеллект, коммуникация, дизайндық ойлау, қаржылық сауаттылық, саналылық пен жауапкершілік, позитивті ойлау, кәсіби қоғамдастықтағы ынтымақтастық.
- Академиялық жазу
- Алгебра және сандар теориясы 3
- Білім беруді басқару және цифрландыру
- Геометрия 1
- Дискретті математика және математикалық логика
- Инклюзивті білім беру
- Критериалды бағалау технологиялары
- Бастауыш математика
- Математикалық талдау І
- Математиканы оқыту әдістемесі
- Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі
- Мектептегі математика курсы 1
- Мектеп оқушыларының даму физиологиясы
- Педагогика
- Мұғалімдік мамандыққа кіріспе
- Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
- Алгебра және сандар теориясы I
- Алгебра және сандар теориясы II
- Бастауыш математикадағы таңдалған тараулар 2
- Геометрия 2
- Геометрия 3
- Дифференциалдық теңдеулер
- Мектеп геометриясы бойынша қосымша сұрақтар
- Жобалық қызмет және ғылыми-техникалық ақпаратты іздеу әдістері
- Құрылымдық геометрия
- Бірнеше айнымалы функциялардың дифференциалдық есебі
- Бірнеше айнымалы функциялардың интегралдық есебі. Өріс теориясы.
- Математика есептерін шешуге арналған практикум 2
- Математика есептерін шешудің әдістемелік негіздері 2
- Математикадан есептерді шығарудың әдістемелік негіздері І
- Математиканың тарихы мен әдістемесі
- Математикалық есептерді шығару практикумы І
- Математикалық талдау III
- Математиканы оқытудағы пәнаралық байланыстар
- Стандартты емес математикалық есептер
- Математикалық талдау II
- Мектеп математика курсы 2
- Сандар теориясы
- Стандартты емес теңдеулер мен теңсіздіктер
- Сызықтық алгебра және жиындар теориясының элементтері
- Ықтималдық теориясы және математикалық статистика
- Ықтималдықтар теориясының элементтері, комбинаторика және статистика
Оқыту нәтижелері және құзыреттер
- экономика және құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері, экология және өмір қауіпсіздігі негіздері, сондай-ақ кәсіпкерлік дағдылар, көшбасшылық және инновацияларға бейімділік салаларынан білімдерді жаңғырту; табысты жеке кәсіптік қызметті қалыптастыру үшін инклюзивті білім беру;
- математика мен ғылыми зерттеулерде үштілді білім беру саясатын іске асыру үшін тілдерді академиялық, кәсіби және мәдениетаралық қарым-қатынас мақсатында қолдану;
- математика саласындағы теориялық ұғымдармен интеграциялық дидактиканың классикалық принциптерін меңгеру; функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын, соның ішінде инклюзивті білім беру жағдайында көрсету;
- оқытудың мазмұнын жаңа тәсілдер: оқу мақсаттарының иерархиясы, спиральды оқыту принципі, сонымен қатар пәнаралық тоғысқан тақырыптарды зерделеу арқылы жоспарлау және құрылымдау; оқу жетістіктерін критериалды бағалау технологиясын практикада қолдану (СӨЖ, СОР, ФО);
- пәндік математикалық дайындық пәндері бойынша қажетті білімді әртүрлі математикалық есептерді шешуде қолдану үшін таңдау;
- математикалық пәндер бойынша оқу процесін жүзеге асыру үшін дидактикалық материалдарды, электрондық білім беру ресурстарын әзірлеу;
- кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; академиялық адалдық принциптері мен мәдениеті туралы білімді түсіну;
- оқушылардың логикалық-аналитикалық ойлау түрін қалыптастыру және дамыту үшін математикадан стандартты және стандартты емес есептерді шешу дағдыларын жаңғырту;
- өзін-өзі одан әрі дамыту және кәсіби қоғамдастыққа тәжірибе беру үшін өзінің педагогикалық рефлексиясына негізделген психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешу.