6B07206
Қазақ, Орыс
Бакалавриат
4 жыл
Математика
Физика
Байыту фабрикаларында автоматтандырылған жобалаудың заманауи жүйелерін пайдалана отырып, өндірістік және жобалық қызметті орындау үшін қажетті, өңірлік және республикалық еңбек нарығының өзекті талаптарына сәйкес келетін кәсіби және жеке құзыреттері, құндылықтары бар пайдалы қазбаларды байыту және табиғи минералдық шикізат пен техногендік түзілімдерді кешенді пайдалану саласында сыни ойлайтын білікті кадрларды даярлау.
Ой-өрісі кең және ойлау мәдениеті жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану-ғылыми, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық пәндер бойынша базалық білімдерін көрсету; Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің мәнін түсіну;
Командада жұмыс істеу, таңдалған жеке ұстаным негізінде өз көзқарасын тұжырымдау және дәлелдеу;
Қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, технологиялық процеске енгізу үшін тау-кен байыту саласындағы жаңа ғылыми-техникалық ақпаратты сыни бағалау;
ЕҚ және ҚТ, ҚС қағидаларын орындау, Жабдықтар мен құралдарды техникалық пайдалану бойынша өндірістік нұсқама жүргізу, сондай-ақ олардың сақталуын бақылау;
Өндірістік және технологиялық тәртіптің, өндірісте Орындалатын жұмыстардың сапасына қойылатын талаптардың, пайдалы қазбаларды байытуға, еңбекті қорғауға, өртке қарсы қорғауға арналған жабдықтарды пайдалану қағидаларының, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың сақталуын бақылауды орындау;
Өмір бойы кәсібилікті арттыру үшін өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі дамыту дағдыларын пайдалану.
Нарық жағдайында туындайтын өндірістік, технологиялық, ұйымдастырушылық және қаржылық тәуекелдерді ескере отырып, қатты пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу үшін қолданылатын жалпы және арнайы мақсаттағы бағдарламалық өнімдермен жұмыс істей білу;
Өнімнің қажетті сапасын ескере отырып, пайдалы қазбаларды өңдеудің заманауи технологиялары мен әдістерін қолдану.
Тау-кен өндірісі саласындағы жаңа ғылыми-техникалық ақпаратты сыни бағалау, Өндірістік жұмыстарды орындау тәртібін реттейтін негізгі нормативтік құжаттарды әзірлеу мүмкіндігі