2026 жылғы 22 қазанда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры М.Қ. Сырлыбаев университет қызметі туралы жыл сайынғы есебін ұсынды. Есептің жеке бөлімі халықаралық қызметке және Erasmus+ бағдарламасының жобаларына арналды.
Қазіргі уақытта университет Erasmus+ бағдарламасының келесі халықаралық жобаларын табысты жүзеге асыруда:
🔹 ERASMUS+ /KA2/ CBHE 101237740 DIANA «Қазақстан мен Өзбекстанда ауылдық туризм саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және енгізу арқылы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту». Бұл – университет грант ұстаушы ретінде халықаралық консорциумды үйлестіретін алғашқы жоба.
🔹 ERASMUS+ /KA2/ CBHE 101324711 GreenPath «Орталық Азияда тұрақты даму дағдыларын, өміршең экономиканы және сапалы „жасыл“ жұмыс орындарын қалыптастыру үшін жоғары білім беру жүйелерін трансформациялау».
🔹 ERASMUS+ /KA2/ CBHE 101324934 UNIFUND «Қазақстан университеттерінде эндаумент-қорларды дамыту».
🔹 ERASMUS+ /KA2/ CBHE 101177914 ESGCA «Орталық Азияның білім беру және жұмыспен қамту салаларында экологиялық мәселелер, әлеуметтік қажеттіліктер мен тиімді басқару арасындағы байланысты нығайту».
🔹 ERASMUS+ /KA2/ CBHE 101129169 CirculEC «Циркулярлық экономика және тұрақты даму бойынша инновациялық оқу бағдарламасы мен модульдерді әзірлеу».
🔹 ERASMUS+ /KA2/ CBHE 101129032 LESLIE «Жерге орналастыру, қоршаған орта және қатты қалдықтар: Орталық Азиядағы білім беру мен бизнес аясында».
Халықаралық жобаларға қатысу Көкшетау университеті үшін маңызды даму құралына айналды: ол оқытушылар мен студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашады, еуропалық серіктестермен байланысты нығайтады, білім беруге, ғылымға және өңір өміріне үздік тәжірибелерді енгізуге жол ашады.