2016 жылғы 4-5 шілде аралығында Валенсия Политехникалық Университетінде (Испания) "Орталық Азиядағы жоғары білім берудің қол жетімділігі және оқу бағдарламаларын жаңғырту және әзірлеу (АСАДЕМИКА) арқылы үйлестіру" жобасы аясында екінші кездесу өтті. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен АЖ және ВТ кафедрасының аға оқытушысы, жобаның жұмыс тобының мүшесі Г.С. Мурадилова, жобаның оқу үйлестірушісі А. А. Шаяхметова, жобаның елдік үйлестірушісі А. А. Какабаев және жоба жетекшісі, бірінші проректор Т. Н. Жаркинбеков қатысты. Осы кездесуде Орталық Азиядан келген қатысушылар халықаралық ғалым-оқытушылар қауымдастығы Орталық Азия елдері жоғары мектебінің оқу процесіне инженерлік мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын енгізу процесін қалай дамытуды жоспарлап отырғандығы туралы өздерінің стратегиялық көзқарастарын ұсынды. Жоба жетекшісі, бірінші проректор Т. Н.Жаркинбеков қазақстандық жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларын енгізу процесінің негізгі ережелерін атап өтті. Жобаның елдік үйлестірушісі А. А. Какабаев Қазақстаннан Ұлттық есепті таныстырды. Жобаның оқу үйлестірушісі Шаяхметова А.А. және АЖ және ЕТ кафедрасының аға оқытушысы Г.С.Мурадилова шетелдік серіктестердің назарын ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саласындағы ұлттық білім беру ерекшеліктеріне аударды, сондай-ақ пікірталастарға белсенді қатысты.


Кездесу барысында Испания, Италия, Австрия өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан серіктестері жоба жұмысы туралы пікір алмасу режимінде сөз сөйледі. Жобаның бірінші кезеңінде барлық ЖОО-лар сауалнама жүргізді және осы семинарда қорытындылап, сауалнамаларға талдау жасалды. Жүргізілген мониторинг негізінде жобаның гранттық үйлестірушісі Мария Ионова-Желева білім беру бағдарламаларының стандарттарын бейімдеу бойынша жұмысты одан әрі жоспарлауды ұсынды. Жалпы, кездесу жұмысының нәтижесі жобаның негізгі мақсатын іске асырудың жаңа тәсілдерін әзірлеу болды. Кездесу соңында барлық қатысушыларға қатысу туралы сертификаттар табысталды.