2026 жылғы 8 қыркүйекте Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің төрт ғимаратына экологиялық сертификаттарды табыстауға арналған салтанатты рәсім аясында қатысушыларға университет, оның халықаралық қызметі және жүзеге асырылып жатқан халықаралық жобалары туралы ақпарат ұсынылды.
Іс-шара барысында интернационалдандыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректордың м.а. Сабитова Диана Сайранқызы университетте жүзеге асырылып жатқан Erasmus+ KA2 CBHE 101237740 «Empowering Women through the Development and Implementation of Rural Tourism Entrepreneurship in Kazakhstan and Uzbekistan» (DIANA) жобасымен таныстырып, оның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қызмет бағыттарын атап өтті.