Португалияның Порту қаласындағы Universidade Portucalense университетінде Қазақстан мен Өзбекстандағы ауылдық туризм саласындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған DIANA халықаралық жобасының Training of Trainers (ToT 1) бағдарламасы өтуде. Бағдарлама тәжірибе алмасу, бірлескен оқыту және тұрақты білім беру шешімдерін әзірлеу мақсатында әртүрлі елдердің университеттері, ғылыми-зерттеу орталықтары мен сарапшыларын біріктіреді.
Апта бойы қатысушылар дәрістерден, тәжірибелік воркшоптардан, көшпелі study visit сапарларынан және стратегиялық сессиялардан тұратын қарқынды оқу бағдарламасынан өтуде.
Оқу бағдарламасы ауылдық туризмді (rural tourism) дамытудағы заманауи тәсілдерден бастап, жергілікті туристік экожүйелерді қалыптастыру, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау құралдары және инновациялық білім беру әдістемелерін енгізу мәселелеріне дейінгі кең ауқымды қамтиды.
Бағдарламада тәжірибелік воркшоптарға ерекше назар аударылды. “Unlocking business opportunities for women entrepreneurs in rural areas” воркшопы аясында қатысушылар ауылдық өңірлердегі бизнесті дамытудың нақты мысалдарын талдап, әйел кәсіпкерлер кездесетін кедергілерді талқылап, жергілікті қауымдастықтардың тұрақты дамуына ықпал ететін тиімді модельдерді қарастырды.
Жеке блок strategic communication, networking and partnership building тақырыбына арналды. Онда стратегиялық коммуникациялар, серіктестік желілерді дамыту және университеттер, бизнес пен жергілікті қауымдастықтар арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Қатысушылардың ерекше қызығушылығын Project-Based Learning (PBL) және Design Thinking бойынша тәжірибелік модуль тудырды. Олар жобалық оқыту мен дизайн-ойлау құралдарын меңгеріп, еңбек нарығы мен жергілікті қауымдастықтардың нақты қажеттіліктеріне бағытталған қолданбалы білім беру бағдарламаларын әзірлеу жолдарын қарастырды.
Бағдарламаның ең жарқын сәттерінің бірі Peneda-Gerês National Park ұлттық паркіне ұйымдастырылған көшпелі оқу сапары болды. Қатысушылар ауылдық туризмнің табысты үлгілерімен нақты жағдайда танысты.
Study visit барысында келесі нысандарға барды:
Nowhere Desk — қонақ үйді, коворкингті және coliving кеңістігін біріктіретін инновациялық ауылдық бизнес;
Casa das Janelas Verdes — экотуризмге, wellness тәжірибелеріне, ретриттерге, йогаға және терапиялық белсенділіктерге бағытталған кеңістік.
Бұл тәжірибелер табиғи әлеуетті, жергілікті ерекшелікті және кәсіпкерлік бастамаларды тиімді ұштастыру арқылы ауылдық өңірлердің тұрақты даму моделін қалыптастыруға болатынын айқын көрсетті.
Бағдарламаның маңызды бөлігі ретінде DIANA жобасының басқару кездесуі өтті. Кездесуді жоба үйлестірушісі, Ualikhanov University проректоры Рыспаева Динара Сәрсембайқызы жүргізді. Жиын барысында жобаның қазіргі нәтижелері, сапаны бақылау, ақпараттық тарату (dissemination), жобаның визуалды бірегейлігін жетілдіру, келесі deliverables құжаттарын дайындау және жобаның алдағы кезеңдерін стратегиялық жоспарлау мәселелері талқыланды.
DIANA жобасы серіктес ұйымдар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, үздік тәжірибелермен алмасуға, ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына және әйелдердің кәсіпкерлік мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған инновациялық шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ықпал етуді жалғастыруда.