2025 жылы 12 маусымда "Bridging Environmental Concerns, Societal Needs, and Good Governance in Central Asian Education and Employment Sectors "/ ESGCA...
2025 жылы 12 маусымда "Bridging Environmental Concerns, Societal Needs, and Good Governance in Central Asian Education and Employment Sectors "/ ESGCA тақырыбында жобасы аясында банктердің қызметкерлері мен бизнес-сектор өкілдеріне арналған ESG мәселелері жөнінде семинар өтті.
Семинарды жобаның жұмыс тобының мүшелері ашты: интернационалдандыру және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Курманбаева А.С. және жобаның жергілікті үйлестірушісі, Бизнес және қызмет көрсету кафедрасының меңгерушісі Утегенова Ж.С. Олар іс-шараның мақсатын атап өтті және Орталық Азиядағы банк пен бизнес секторларына экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын, сондай-ақ корпоративтік басқаруды енгізудің өзектілігін көрсетті.
Семинардың негізгі бөлімінде жоба жұмыс тобының мүшелері — Курманбаева А.С., Утегенова Ж.С., Бельгибаева А.С., Баязитова З.Е. және Байкенова Г.Е. — келесі тақырыптар бойынша баяндамалар мен презентациялар ұсынды: Халықаралық жобаларды басқару орталығының қызметіне қысқаша шолу, ESGCA жобасының мақсаттары мен күтілетін нәтижелері, коммерциялық банкте ESG стратегиясын әзірлеу және іске асыру, ESG стандарттарын ескере отырып магистратураның білім беру бағдарламасын қалыптастыру.
Баяндамалардан кейін пікірталас сессиясы өтті. Оның барысында қатысушылар әртүрлі ұйымдардағы ESG стандарттарын енгізу тәжірибесімен бөлісіп, бар болған кедергілер анықталып, оларды еңсеру жолдары ұсынылды.
Семинар аясында қатысушылар арасында келесі тақырыптар бойынша сауалнама жүргізілді: «Бизнес-компаниялардағы ESG тәжірибесінің жетілу деңгейін бағалау» және «Банк секторында ESG стратегияларын әзірлеу». Сауалнаманың мақсаты — ESG саласындағы маман иеленуі тиіс негізгі құзыреттерді анықтау. Жиналған деректер тұрақты даму және ESG қағидаттарын іске асыру саласында білікті мамандарды даярлауға арналған магистрлік білім беру бағдарламасын әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.
Іс-шара соңында талқылаулардың қорытындылары шығарылды. Ұйымдастырушылар қатысушылардың жоғары белсенділігі мен қызығушылығын атап өтіп, баршаға алғыс білдірді. Сондай-ақ ESGCA жобасы аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту Орталық Азия елдерінде ESG тәжірибесін нығайту үшін маңызды екенін ерекше атап өтті.