Бизнес және қызмет көрсету кафедрасының оқытушылары Халықаралық ғылыми-практикалық «ESG-ФАКТОРЛАРЫН КОРПОРАТИВТІ БАСҚАРУҒА ЕНГІЗУ» конференциясына онлайн түрде қатысты. Конференция барысында корпоративті басқару және ұйымдардың тұрақты даму жүйелеріне ESG қағидаттарын енгізудің заманауи тәсілдері талқыланды. Экологиялық жауапкершілікке, әлеуметтік тұрақтылығына және бизнес аумағындағы тиімді басқаруға ерекше назар аудартылды. Сонымен қатар, қатысушылар ESG-факторларын білім беру және кәсіби қызметке енгізу жөнінде тәжірибе мен озық әдістерімен алмасты.