573901-EPP-1-2016-1-IT-EPPKA2-CBHE-JP LMPI Эразмус+ жобасы аясында өткен қашықтықтан оқыту және жаппай ашық онлайн курстар бойынша семинар-тренинг 2018 жылғы 15 қыркүйекте АМКУ базасында өтті. Оқытуды UNINETTUNO Uninettuno халықаралық телематика университетінің профессоры (Рим қ., Италия) Феделе Франческо өткізді.

Жобаны іске асыру барысында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің командасы кәсіпорындарда компьютерлік жүйелер мен желілерді әкімшілендіру, басқару және қорғау бойынша бакалавриат пен магистратураның жаңа білім беру бағдарламалары әзірленіп, іске қосылды. Қазіргі уақытта жоба тобы жаппай ашық онлайн курстар құру үстінде.