Нұр-Сұлтан қаласында Erasmus + KA2 NICOPA жобасының алдын алу (консультативтік) мониторингі өтті.2019 жылғы 16 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Erasmus + KA2 NICOPA жобасының алдын алу (консультативтік) мониторингі өтті.Мониторингті Қазақстандағы Эразмус + ұлттық кеңсесінің директоры Шайзада Өмірзаққызы Тасболатова жүргізді.

Мониторингке жоба жетекшісі доктор Арнольд Штеренгарц (ECA Space Technologies Жобаларды басқару жөніндегі директоры, Германия), жобаның Қазақстандық серіктес жоғары оқу орындарынан (С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) жобаның жұмыс топтарының мүшелері қатысты.

Жобаны іске асыру барысы келесі параметрлер бойынша бағаланды:

I Жобаны іске асыру;

II Әсер және тұрақтылық;

III Серіктестік және ынтымақтастық;

VI Жоба мақсаттарының өзектілігі.

Жобаның нәтижелері жалпы оң бағаланды.

Мониторинг аяқталғаннан кейін жоба жетекшісі доктор Арнольд Штеренхарц және жобаның Қазақстандық серіктес жоғары оқу орындарының жоба жұмыс топтарының мүшелері Erasmus + KA2 NICOPA жобасын одан әрі іске асыру бойынша қорытындылар мен бірлескен іс-қимылдарды талқылады.