2025 жылдың 15 мамырында университет бойынша «Заттардың екінші өмірі» атты студенттік конкурс өтті
2025 жылдың 15 мамырында университет бойынша «Заттардың екінші өмірі» атты студенттік конкурс өтті. Бұл конкурс “Тау-кен ісі, құрылыс және экология” кафедрасы тарапынан республикалық «Taza Kazakhstan» экологиялық ағарту шаралары аясында және ERASMUS+ /KA2/ CBHE 101129169 жобасы шеңберінде — «Айналмалы экономика және тұрақты даму саласында инновациялық оқу бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу (CirculEC)» аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жастарды қалдықтарды қайта өңдеу мәселесіне назар аудартып, экологиялық ойлауды және экологиялық мәселелерді шығармашылық тұрғыдан шешуге ынталандыру, сондай-ақ өнер арқылы тұрақты даму идеяларын қолдап, танымал ету.
Конкурсқа барлығы 10 жұмыс ұсынылды.
🥇1-орын – «Шелектен жасаған пеш» жобасы, студенттер Сырымова А. А., Мақсұт Р. М., СК-231 құрылысшылар қазақ тобы, мамандық «6B07301 - BIM Ғимараттар мен имараттарды жобалау», ғылыми жетекшісі аға оқытушы Жаншуакова Р. М.;
🥈2-орын – «Чайный домик» (Шай үйі) жобасы, студенттер Хватина Д., Султангалиева А., ЭР-242 экология орыс тобы, мамандық «6В05201 - Экология», ғылыми жетекшісі аға оқытушы Литау Т.Т.;
🥉3-орын екі жобаға берілді: «Панельная девятиэтажка с ЭкоКрышей» (Экошатырлы панельді тоғыз қабатты үй) жобасы, студенттер Горемыкин К. С., Плетнёва Е. А., Монтай А. С., Кусаинова Д. Ж., ЭР-232 экология орыс тобы, мамандық «6В05201 - Экология», ғылыми жетекшісі аға оқытушы Грабовская Н. И., және «Кормушка «Бутылко-Корм»» («Бөтелке-қорек» -жемқорек) жобасы, студент Косманов А. К., УиАР-232 есеп және аудит орыс тобы, мамандық «6В04102 – Есеп және аудит», ғылыми жетекшісі доцент Утегенова Ж. С.