«Заттардың екінші өмірі» конкурсын өткізу туралы ереже
- Жалпы ережелер
1.1. Байқауды тау-кен ісі, құрылыс және экология кафедрасы «Taza Kazakhstan» халыққа экологиялық білім беру іс-шаралары және EU ERASMUS+ /KA2/ CBHE 101129169 Айналмалы экономика және тұрақты даму саласында инновациялық оқу бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу / CirculEC аясында өткізеді.
- Байқауға қатысу тегін және ерікті.
Конкурстың мақсаттары мен міндеттеріКонкурста жоо студенттері қайта өңдейтін материалдардан арт-объектілер жасайды. Қатысушылар қалдықтарды қайта өңдеудің және ресурстарға ұқыпты қараудың маңыздылығын көрсететін ерекше әрі экологиялық маңызды жұмыстарды жасау арқылы шығармашылықпен айналысады. Үздік жобалар көрмелерде немесе қоғамдық кеңістіктерде ұсынылады.
Мақсаты: жастардың назарын қалдықтарды қайта өңдеу мәселесіне аудару. Экологиялық ойлауды және экологиялық мәселелерді шешуге креативті көзқарасты қалыптастыру. Өнер арқылы тұрақты даму идеяларын қолдау және насихаттау.
- Конкурсқа қатысушылар
3.1. Байқаудың қатысушылары:
- Студенттер.
- Өткізу шарттары
4.1. Қатысушыларға пайдаланылған, қажетсіз немесе ескі материалдардан бұйым/объект/өнер объектісін жасау арқылы оларға «екінші өмір» беру ұсынылады.
4.2. Кез келген қауіпсіз материалдарды (пластик, мата, қағаз, металл, ағаш және т.б.) пайдалануға рұқсат етіледі.
4.3. Жұмыстардың қысқаша сипаттамасы болуы шарт:
- жұмыс атауы;
- неден жасалған;
- өнімнің идеясы мен мақсаты.
- Бағалау критерийлері
- Идеяның өзіндік ерекшелігі;
- Орындау сапасы;
- Эстетика және шығармашылық;
- Байқау тақырыбына сәйкестігі;
- Практикалық маңыздылығы немесе көркемдік құндылығы.
- Өткізу мерзімі
- Өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау: 21.04.2025 -2.05.2025 ж.
- Қорытындылау: 5.05.2025 ж.;
- Қорытындылау және марапаттау
7.1. Жұмысты Конкурстық комиссия бағалайды.
7.2. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
- Байланыс ақпараты
Исакова С.А.,
Грабовская Н.И.,
Жұмыстарды қабылдау мекенжайы: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті,
О.Қуанышев көшесі 170а, 312 каб