Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушылары, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Айгүл Сапарбекқызы Құрманбаева және химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нұргүл Нұркенқызы Нұрмұханбетова KÖKSHE TV телеарнасындағы «Диалог дня» бағдарламасына қатысты.
Кездесуде Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Ақмола облысындағы су ресурстарының қазіргі жай-күйі талқыланды. Сондай-ақ суды ұтымды пайдалану мәдениетін ажырамас әлеуметтік норма ретінде қалыптастырудың маңызы қаралды. «Су тапшылығы» күйзелісін еңсерудің перспективалы бағыттарының бірі ретінде CirculEC жобасы таныстырылды. Жоба сызықтық экономика моделінен циркулярлық экономикаға көшуге бағытталған.
Екі спикер де Erasmus+ KA2 CBHE CirculEC (№ 101129169) жобасын іске асыруға қатысады. Университет бұл жобаны еуропалық және орталықазиялық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырады. Жобаның мақсаты – ресурстарды, ең алдымен суды, тұйық цикл қағидаты бойынша пайдалана алатын мамандар даярлау.
Жоба аясында университетте:
- бакалавриат, магистратура және докторантура үшін циркулярлық экономика және су ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша жаңа пәндер әзірленді;
- студенттер суды тиімді әрі үнемді пайдалануды тәжірибе жүзінде үйренуде.
Біздің түлектеріміз өндіріске және мемлекеттік секторға жаңаша ойлаумен келуі тиіс. Әрбір литр су – қайтадан айналымға енгізуге болатын ресурс.
Толық шығарылымды KÖKSHE TV YouTube-арнасынан көріңіз: https://youtu.be/UbPiPJzJyno?si=LX_QQR1voRHxCxW0