Erasmus+ CBHE «ESGCA» жобасы аясында Орталық Азиядағы білім мен жұмысқа орналастыру салаларында экологиялық мәселелер, әлеуметтік қажеттіліктер мен тиімді басқару арасындағы байланысты күшейтуге бағытталған тренингтер сериясы жалғасуда.

2025 жылдың 7 сәуірінен бастап жоба қатысушылары Братиславадағы Словакия Техникалық Университетінің базасында кездесті. Тренингтің бірінші күнінде университет проректоры мырза Стефан Станко барлық қатысушыларды құттықтады.

Келесі кезекте доктор Ивана Махрикова Словакияда су ресурстарын тиімді басқару жөніндегі үздік тәжірибесімен бөлісіп, халықты сапалы сумен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған шараларды таныстырды. Одан кейін профессор М.Моклер Словакиядағы су цикліне декарбонизация жүргізу туралы презентациясын ұсынды.

ESGCA жобасының қатысушыларына Slovnaft мұнай өңдеу зауытында экскурсия ұйымдастырылды. Зауыттың коммуникациялар жөніндегі директоры Антон Молнар зауыттың қызметінде ESG принциптерін енгізу туралы айтып берді.