2026 жылғы 10–12 қыркүйек аралығында Неапольдегі Федерико II университетінде Erasmus+ EDU2023-CBHE 101129169 “Development of Innovative Curricula and Modules in Circular Economy and Sustainable Development” (CirculEC) жобасы аясында үйлестіру кездесуі және жұмыс сессиялары өтті.

Кездесу барысында жобаның жұмыс пакеттерін іске асыру нәтижелері талқыланды. Орталық Азиядағы жобаға қатысушы барлық жоғары оқу орындарының жергілікті үйлестірушілері өз университеттеріндегі жобаны іске асыру бойынша қорытынды есептерін таныстырды.Сонымен қатар, CirculEC консорциумының серіктестері болашақ ынтымақтастық перспективаларын және бірлескен жобаларды әзірлеу мен ұсыну мүмкіндіктерін талқылады.Неапольдегі Федерико II университетінің TeMALab командасы Неаполь қаласының батыс шетіндегі Баньоли ауданында орналасқан бұрынғы өнеркәсіптік аймаққа таныстыру сапарын ұйымдастырды.