18 сәуір 2025 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде студенттердің «Болашақтың ғылымы мен технологиясы: Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) контекстіндегі сын-қатерлер, үрдістер, перспективалар» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияның пленарлық отырысында "Bridging academia and innovation: Entrepreneurship and Research European students" тақырыбында Сантьяго-де-Компостела университетінің (Испания) профессоры Найля Сайфулина сөз сөйледі. Өз баяндамасы барысында ол студенттермен EU ERASMUS+ /KA2/ CBHE 101129169 “Айналмалы экономика және тұрақты даму саласында инновациялық оқу бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу (CirculEC)” жобасын іске асыру нәтижелерімен бөлісті.

Сантяго-де-Компостела университеті (Испания) мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті CirculEC жобасында серіктес жоғары оқу орындары болып табылады.