А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің базасындағы оқыту семинары
2017 жылғы 1-3 ақпан аралығында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде Эразмус + "Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту-SARUD" жобасы шеңберінде оқыту семинары өтті. Семинардың мақсаты - А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде ауылдық аумақтарды орнықты дамыту саласындағы жаңа магистрлік бағдарламаны әзірлеуші ЖОО өкілдерінің біліктілігін арттыру. Кеңесшілер ретінде Ресей мемлекеттік аграрлық университеті – К.А.Тимирязев атындағы (проф. доктор Александр Мерзлов) АШМ атынан өкілдік ететін ресейлік және еуропалық эсперттер - Варшава жаратылыстану ғылымдары университеті (проф. доктор Аксель Шверк), Прагадағы Чехия жаратылыстану ғылымдары университеті (проф. доктор Михал Лоштак), сондай-ақ SARUD жобасының үйлестірушісі, Неміс университеті Хойенхайм (проф. доктор Мартин Дитрих) сөз сөйледі. Іс-шараға SARUD магистрлік бағдарламасын әзірлеуші келесі жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты: П.А.Столыпин атындағы ОмГАУ, Мичурин мемлекеттік аграрлық университеті, Филиппов атындағы Бурят мемлекеттік ауылшаруашылығы академиясы, Новосибирск мемлекеттік аграрлық университеті, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ және Ш. Уәлиханов атындағы КМУ. Семинарға қатысушылар тұрақты даму саласындағы еуропалық және ресейлік сарапшылардың дәрістеріне қатысуға мүмкіндік алды. Қатысушыларға тұрақты ауыл дамуының индикаторлары мен модельдері, сондай-ақ Еуропа мен Ресейдегі ауылдық жерлерді дамытудың практикалық мысалдары ұсынылды, осы саладағы тәжірибе мен проблемалар көрсетілді.Семинар аясында делегация мүшелері "Садчиковское" ЖШС кәсіпорындарына барып, облыстық телеарнада сөз сөйледі. Қонақтар өңірлік еңбек нарығын талдау және ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту саласындағы білікті мамандарға деген қажеттілік туралы айтып берді.